Қала әкімі құрылыс нысандары мен аулаларды абаттандыру жұмыстарын аралады

45

Қала әкімі Ернат Бәзіл ең алдымен «Құлагер» шағын ауданында басталғалы жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Одан кейін қала басшысы құрылысы басталған көркем гимнастикаға арналған спорт кешенінің жұмыс барысымен танысты.

Сонымен қатар, қала әкімі абаттандыру жұмыстары басталған «Жетісу» шағын ауданын аралап, жауапты мамандарға сапаны басты назарда ұстау қажеттігін ескертті. Аталған шағын аудан заманауи талаптарға сай абаттандырылып, тұрғындардың сұранысына сәйкес көлік тұрақтары да қарастырылған.

Қала әкімі Ернат Бәзіл:
– Биыл Талдықорған қаласында салынатын құрылыс нысандары өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Ендігі мақсат – құрылыс санына емес, сапасына басымдық беру. Әрине, кейбір мәселелерді әлі де пысықтау қажет. Дегенмен, құрылыс жұмыстарын биыл ертерек бастап жатырмыз. Ең бастысы – халық игілігіне арналған тың жобаларды жүзеге асыру.

Сондай-ақ қала басшысы «Жастар-3» тұрғын үй алабында жүргізіліп жатқан құрылыс қарқынын көріп, мердігер ұйымға газ желілерін жыл соңына дейін тартып, тұрғындарға пайдалануға беру қажеттігін тапсырды.

Айта кетейік, аталмыш «Жастар-3» тұрғын үй алабында жыл басынан бері әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға 56 баспана берілсе, жыл соңына дейін тағы 200 баспана тарату жоспарланып отыр.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз