340 мың адам электрондық қолтаңба алды

666

Осыған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Алматы облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығында» жалпы 3 миллионнан астам қызмет көрсетілген. Оның екі миллион 700 мыңға жуығы электронды түрде.

Атап айтсақ, биылғы жыл басынан бері аймақтағы 340 мыңға жуық тұрғын қолтаңбаның электрондық нұсқасына ие болған.  Бұл жүйе азаматтардың кезексіз  анықтама алуына, сәбилерді бала-бақша кезегіне қоюға, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді дер кезінде төлеуге қолайлы. Ол үшін сізде электрондық цифрлық қолтанба болса болғаны.  Сонымен бірге, қазір облыста көлік құралдырын қайта рәсімдеу және жүргізуші куәлігін беруге арналған арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы  жұмыс жасауда. Нақты мәліметтерге сүйенсек, онда осы уақыт ішінде 68 мыңға жуық құжат қабылданып, 40 мыннан аса автокөлік кайта тіркеуден өткен. Ал, 11 мыңнан астам адам қалаған мезгілде жүргізуші куәлігіне қол жеткізіп, өз ризашылығын білдірген. Міне, бұл біріншіден, халықтың қағазбастылықтан арылтса, екіншіден, бармақ басты көз қысты әрекеттерден аулақ етеді дейді мамандар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK