Талдықорғанда жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жиыны өтті

51
Күні кеше Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтың төрағалығымен жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жиын өтті.
Жиында жастар арасындағы құқықбұзушылық мәселелері қаралып, «Тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда әлеуметтік серіктестікті дамыту» жол картасының орындалуы бойынша Талдықорған қаласы прокурорының орынбасары Адай Құтымов, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ілияс Сағымбеков баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, жастарды әлеуеттендіру, NEET және жұмыссыз жастармен жұмыс, жастарды жұмыспен қамту, қылмыстық жазасын өтеген жастар арасындағы адамдарды оңалту және бейімдеу, психологиялық көмек көрсету, патриоттық тәрбие беру және білім беру орындарындағы жастар арасында құқықбұзушылықты төмендету бойынша шаралар, жастарды деструктивті діни ағым идеологиясынан алшақтату бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен радикалды топтардың арандатуынан сақтандыру туралы да мәселе қаралды.
Жиынға төрағалық еткен қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков аталмыш мәселелердің қатаң назарға алынуын және жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Еске салсақ, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев және Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев бекіткен Жетісу облысы бойынша «Жастар тәрбиесі – болашақ тірегі» атты құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған шаралар жоспарын орындау мақсатында қала бойынша «Тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда әлеуметтік серіктестікті дамыту» жол картасы әзірленген болатын.
                                                            Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз