Азаматтарға арналған үкімет «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 100-ші қадамын толық орындаған. Бұл туралы сала мамандары Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндап берді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы 3 жылда 10 млн. астам қызмет көрсеткен. Оның ішінде 2,7 млн. мемлекеттік қызметті тұрғындар connection point – өзіне-өзі қызмет көрсеу секторы арқылы электорнды форматта өз беттерінше алған.

«Бүгінде біз мемлекеттік қызметтерді алу үшін барынша қолайлы жағдай жасап, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкіндіктерін қолданудамыз. Талдықорған қаласында цифрлық ХҚО қызмет етеді. Онда тұрғындарды оқыту сыныптары мен өз-өзіне қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған. Азаматтар бұл жерде электронды үкімет порталымен өз бетінше жұмыс істеуді үйрене алады. Портал арқылы тұрғындар электронды анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегіне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болу керек», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Алматы облысы бойынша филиал директорының орынбасары Ілияс Белгібаев.

Айта кетейік, корпорация құрылғалы бері 3 жылдың ішінде облыс тұрғындары 1,2 млн. электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеген.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK