Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласында жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде, 2020 жылдан бастап 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде Жетісу облысының географиялық шекарасында Республикалық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспардан тыс талдау жүргізді.
Талдау жүргізудің мақсаты- бәсекелестіктің жай күйін талдау және бағалау, бәсекелестік деңгейін айқындау, тауар нарығында үстем және монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу, оның ішінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдлану белгілерін анықтау, сондай-ақ басқа да проблемалық мәселелерді анықтау.
Жетісу облысының географиялық шекарасында автомобиль жолын орташа жөндеу қызметтері тауар нарығы — жоғары шоғырланған нарық ретінде сипатталады.
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ