Әр бала – жеке тұлға

415

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл №17 орта мектеп оқушыларымен еркін форматта кездесті. Оларға  бала шақтан болашаққа дейінгі аралық, қызмет жолы, сондай-ақ, қаланың алдағы даму жоспары жөнінде мәлімдеді.

Ернат Дүйсенбекұлы жетістікке жету жолындағы негізгі қағидаларын тілге тиек етіп, «Әрбір бала – қайталанбас жеке тұлға. Олардың әрқайсысының өз қызығушылығы мен қабілеті бар. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасындағы тәрбие, қоршаған орта және білім беру жүйесі үлкен әсер етеді. Жан-жақты білім алып, дамыңыздар, еңбекқорлық пен табандылық арман-мақсаттарыңызға жетелесін. Қандай қиындық кездессе де мойымай тек алға қарай қадам баса біліңіздер. Ел ертеңі өздеріңіз тәрізді жастардың біліктілігіне тікелей байланысты болмақ»-деді.  Кездесу соңында оқушылар  көкейлерінде жүрген сауалдарын  қойып, өз ойларымен бөлісті. Мектеп ұжымы «Тұлғалардың шәкірттермен  кездесуі – өте маңызды әрі мотивациялық шара. Мұндай кездесулер оқушыларға өмірлік тәжірибелерден сабақ алуға, өз армандарын айқындауға және болашаққа жоспар құруға көмектеседі» –деп алғыстарын білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз