Ұлттық құндылық: Қазақтың ою-өрнектері

351

Талдықорған қаласында балалар кітапханасы 1961 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейді. Кітапханада жоғарғы және төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету, кітап қорын жинақтау және сақтау бөлімдері жұмыс жасайды.

Балалардың шығармашылық қабілеттері мен бос уақытын ұйымдастыру мақсатында ұзақ жылдар бойы «Шебер қолдар» үйірмесі және «Ертегіші» клубы жұмыс  істейді. Бұл үйірмелердің әр жыл сайын жұмыс жоспары бекітіліп сол жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылады.

«Шебер қолдар» үйірмесіне 16 оқырман қатысады.  Оқушыларға қазақ халқының салт- дәстүрлері мен әдет-ғұрыпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, халық өнегесін үйрету, ою-өрнекпен жұмыс істеудің оңай тәсілін таба білу мақсатында «Қазақтың ою-өрнектері»атты шебер қолдар сабағы өтті. Өскелең ұрпақты ұлттық салт-дәстүр рухында тәрбиелеу аясында,кітапхана қаламыздың әр түрлі ұйымдарымен қарым-қатынаста жұмыс  жасайды. Бүгінгі сабаққа, Жетісу облыстық ардагерлер үйінің жанынан ашылған академиялық ардагерлер хорының мүшелері Оңал Дінмұхамедқызы мен Айнагүл Қапасқызы қатысты.

 Т. Құрманғалиева,  Талдықорған қалалық орталық  балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз