Талдықорған қаласының қалалық жағажайында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Көңілді қыс Талдықорған» шарасы өтті.
Шара шымылдығын қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков ақжарма тілегімен ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шара аясында қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасы және әр түрлі спорт түрлерінен эстафеталық ойындар мен шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш спорттық жарысқа 8 команда, 100-ге жуық балалар мен қала тұрғындары қатысып, өзара мықтыны анықтап, жүлделі орындарды бөлісті.
Бүгін қалалық жағажайға жиналған қауымның қарасы қалың болды. Әуезді ән тыңдап, сырғанақ теуіп, демалыс күндерін таза ауада өткізіп жүрген қала жұртшылығы үшін ерекше күн болғаны сөзсіз.
«Бүгінгі шара өте жоғары деңгейде өтті. Балаларыммен арнайы келіп, таза ауада сырғанақ теуіп, қала өнерпаздарының әнін тыңдап, демалысымызды ерекше өткіздік. Осындай шараны ұйымдастырған қала әкімдігіне алғыс айтқым келеді», — деді қала тұрғыны Айсұлу Сұлтанқызы.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі