Жетісудың жүрегі Талдықорғанда жаңа жылға дайындық 17 желтоқсанда басталмақ. Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін жаңа жылдық сәулет мүсіндерімен қатар еңселі шырша да орнатылатан болады. Барлық жаңа жылдық безендіру жұмыстары 23 желтоқсанға дейін аяқталмақ. Жаңа жылдық безендіру орталық алаңнан бөлек, «Жастар» саябағы мен алғашқы рет «Береке» коттедж қалашығына қойылады. Бұдан бөлек, қала көшелеріндегі жарық бағаналарының біраз бөлігі мерекеге сай безендіріліп, әртүрлі 30 шағын мүсіншелер орнатылмақ. Оның алтауы жаңа мүсінше. Сонымен қатар, жаңа жылдық безендіру жұмыстары қала аумағынан бөлек Өтенай, Еркін ауылдық округтерінде де жүргізілмек. Бұған қоса, мереке қарсаңында округтерде әртүрлі жаңа жылдық кештер ұйымдастыру жоспарланып отыр. Әсем қаламыздың жаңа жылдық безендірілуіне жергілікті бюджеттен 35 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Айта кетейік, орталық алаңдағы шыршаның жалпы ұзындығы 20 метрді құрамақ.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі