МӘМС жүйесіндегі балалар: Жетісу облысы мектептерінің оқушыларымен ауқымды түсіндіру жұмысы жүргізілді

4

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалы мектеп бітіруші түлектермен кездесті.

Кездесудің мақсаты – оқушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын, оқушылардың құқықтарын, сондай-ақ мектеп бітіргеннен кейін «сақтандырылған» мәртебесін сақтап қалу жолдарымен таныстыру.

Қор филиалының сарапшылары оқушыларға МӘМС жүйесінің жұмыс істеу механизмдері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Айта кетейік, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдіксанатына кіреді. МӘМС туралы Заңға сәйкес, мемлекет кәмелетке толмағандар үшін жарналарды төлеуді өз мойнына алады. Бұл — мектеп оқушыларының «сақтандырылған» мәртебесінде бола отырып, МӘМС жүйесіндегі барлық медициналық қызметтерді пайдалана алатынын білдіреді.

«Мектеп түлектері – еліміздің болашағы, сондықтан олардың денсаулық сақтау жүйесіндегі өз құқықтарын түсінуі өте маңызды. МӘМС жүйесінің қағидаларын білу оларға ересек өмірге қадам басқаннан кейін де сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін сақтауға мүмкіндік береді. Қордың Жетісу облыстық филиалы тұрғындарға МӘМС жүйесін түсінікті ету үшін ақпараттық жұмыстарды жалғастыра бермек»,- дейді Қор филиалының директоры Иван Самойленко.

            Одан бөлек, оқушыларғамектепбітіріп, кәмелетке толғаннанкейінМӘМС жүйесіндегі мәртебенісақтап қалу жолдары түсіндірілді. Ол үшін түлектер:

— колледжнемесеуниверситеттіңкүндізгібөліміне оқуғатүсіп, қайта жеңілдіксанатынакіре алады;

— жарналардыдербестөлеушіретіндетөлей алады;

-ресми түрде жұмысқа орналасса,бұлжағдайдақызметкерүшінжарналардыжұмыс беруші төлейді.

Мектеп бітіруші түлектер осы түсіндіру жұмыстарының арқасында МӘМС жүйесінің денсаулықты сақтауға қалай көмектесетіні туралы өзекті сұрақтарға жауап алды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз