Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент) мемлекеттің кәсіпкерлік ортада болуының орындылығын анықтау мақсатында талдау жүргізді.
Осы талдауды жүргізу барысында «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылындағы «Балдәурен» балалар шығармашылық орталығы» МКҚК (бұдан әрі — Кәсіпорын) монополияға қарсы органнан Кәсіпорынды құруға келісім алмағандығы анықталды.
Осыған байланысты Департамент Кәсіпорынға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды.
Қазіргі уақытта Департаменттің нұсқамасы орындалды.