15.9 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 7 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 8

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен әлем альпинизмінде аты аңызға айналған тұлғамен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді. – Өзіңіздің зор қажыр-қайратыңыз бен аса жоғары кәсібилігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасының көк Туы Жер шарының асу бермес асқарларында желбіреді. Әлемнің ең биік нүктелерін бағындырған тәжірибелі шыңға өрмелеуші, халықаралық...

Жанармай нарығының болашағы: сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады

KAZENERGY қауымдастығы алаңында жанар-жағармай нарығындағы баға қалыптастырудың өзекті мәселелері мен алдағы қадамдарына арналған кездесу өтті. Талқылауға сарапшылар, салалық қауымдастықтар, нарықтың түрлі сегменттерінің өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және мемлекеттік органдар қатысты. Негізгі назар АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын реттеу мәселелеріне аударылды. Нарық қатысушылары қолданыстағы баға шектеулері өндірістік, логистикалық және операциялық шығындардың өсуімен қатар барлық қатысушыларға қосымша жүктеме түсіріп, жалпы...

ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

2026 жылғы 26 наурызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мораторий аяқталғаннан кейінгі тарифтік саясат мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға сарапшылар қауымдастығының, қоғам және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Талқылау барысында жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, сондай-ақ газбен жабдықтау салаларындағы тарифтік реттеудің негізгі бағыттары қаралды. Үкімет қабылдаған шаралар кешені азаматтардың табысын қорғауға және инфляцияны ұстап тұруға бағытталғаны...

Threads-тегі алаяқ: азаматтар әскердегі сексуалдық зорлық-зомбылық туралы ойдан шығарылған оқиғаға сеніп қалды

Алаяқтық пен жалған ақпарат таратты деп күдікке ілінген 23 жастағы астаналық тұрғын ұсталды. Threads әлеуметтік желісінде белгісіз аккаунт арқылы бір желі қолданушысы әскерде жүргенінде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және қазіргі уақытта қудалаудан қорқатынын мәлімдеген. Ол бір жыл бұрын әскерден оралғанын, бірақ болған сұмдық оқиғаны әлі де ұмыта алмай жүргенін жазған. Пост авторының сөзінше, командирі оны қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеген.

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

Жетісу облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында 16 мыңнан астам әйел еңбекпен қамтылды, соның 12 мыңға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтің төрағалығымен өткен Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының...

Облыстық көпсалалы клиника барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күніне шақырады

Облыстық көпсалалы клиника барлық ниет білдірушілерді онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған Ашық есік күніне шақырады.  Осы күні білікті мамандардан тегін кеңес алып, қарала аласыздар, атап айтқанда: Кеңес беретін мамандар:* онкогинеколог* онкохирург* онкоуролог Диагностика:* УЗИ* КТ* ФГДС* колоноскопия* кольпоскопия. Ерте кезден диагностика жасау — нәтижелі емдеудің кілті. Өзіңіз бен жақындарыңызға қамқорлықты кейінге ақалдырмаңыз.  Пациенттерге кеңес беру 28 наурызда сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін. Мекенжайы: Талдықорған қ.,...

«Астана – Талдықорған» бағытында тікелей пойыз қатынасы іске қосылады

2026 жылғы 9 сәуірден бастап «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» бағыты бойынша тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады. №122/121 «Астана – Семей – Астана» пойызының құрамына (тасымалдаушы – «Арай Транс KZ» ЖШС) екі вагон — 1 купелік және 1 плацкарттық вагон қосылады. Олар Ақтоғай станциясына келгеннен кейін бөлек пойыз құрамында Талдықорғанға дейін сапарды жалғастырады. Бұл жолаушыларға ешқандай ауысып мінусіз ыңғайлы сапар...

Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» бағдарламасының бірыңғай дизайн-коды енгізілуде

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын көрнекі сүйемелдеу мақсатында заманауи брендбук әзірленді. Құжатта бағдарламаның негізгі құндылықтары мен идеясын айқындайтын көрнекі шығармашылық стильдер, түстер палитрасы, макеттер және мектеп кеңістігін заманауи форматта безендіруге арналған элементтер ұсынылған. Бағдарлама мазмұнына сәйкес білім беру ұйымдары үшін бірыңғай дизайн-код қалыптастырылып, мектептердің ішкі кеңістігін брендбук талаптарына сай кезең-кезеңімен безендіру жұмыстары жүргізілуде. Дизайн-код мазмұнында бағдарламаның 6 негізгі құндылығын айшықтайтын...

ТЖМ жұқа мұзда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Құрметті Қазақстан азаматтары! Көктемгі кезеңде су айдындарындағы мұз ерекше қауіпті болады. Ол сырт көзге берік болып көрінгенімен, өзінің беріктігін жоғалтады. Жыл сайын дәл осы уақытта жазатайым оқиғалардың саны артады. ТЖМ қызметкерлері ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде: ▫️ 28 мыңнан астам рейд пен патрульдеу ұйымдастырылды; ▫️ 102 мыңнан астам азаматпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді; ▫️ шамамен 47 мың балықшыға нұсқаулық берілді.   Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, кейбір азаматтар...

Дәстүрдің цифрлық кеңеюі: Жетісу облысы Наурыз қорытындысын шығарды

Жетісу облысында Наурыз мерекесі қоғамдық кеңістіктерді цифрлық кеңейту форматында өтті. Өңірде 250 іс-шара ұйымдастырылып, оларды офлайн форматта 150 мыңнан астам адам тамашалады. Негізгі назар интернет-аудиторияға аударылып, онлайн қамту 540 мыңнан астам қолданушыға жетті. Тұрғындар мен қонақтар үшін 8 цифрлық шешім енгізіліп, көшелерде 123 тақырыптық киіз үй тігілді. Мерекелік көңіл күйді 200 мәдениет және өнер қайраткері қалыптастырды. Олардың қатарында «Илигай» тобы...