5.9 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 19 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 76

Инвестициялар және инфрақұрылым: Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында инвестициялық жобалардың орындалу барысы, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқыны, сондай-ақ құқықтық экожүйге қатысты мәселелер және сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері талқыланды. Отырысты ашқан Премьер-министр Президенттің Alatau City-ді дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. «Мемлекет басшысы Алатау қаласын ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа орталығы...

Конституциялық реформа билік жүйесіндегі теңгерімді күшейтеді – Перуашев

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер теңгерімі туралы пікір білдірді. Депутаттың айтуынша, бұл мәселе Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауынжүзеге асыру аясында былтыр қазан айында құрылған Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының арнайы отырысында жан-жақты талқыланған. «Сол кезде-ақ біз Президент пен Құрылтай өкілеттіктерін нақты ажырату тәсілдерін...

Президент пен Құрылтай арасындағы кадрлық өкілеттіктерді бөлу тепе-теңдікті сақтайды – саясаттанушы жаңа Конституция туралы пікір білдірді

Саясаттанушы Марат Шибұтов жаңа Конституция туралы әлеуметтік желілерде тараған қауесетті, жорамалдар мен жалған ақпаратты жария түрде жоққа шығарды. Сондай-ақ, ол Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Президент пен Құрылтай арасындағы кадрлық өкілеттіктердің бөлінісі жөнінде де пікір білдірді. Комиссия мүшесі отырыстар арасындағы үзілісте әлеуметтік желіде Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат мен барып тұрған фейктердің көптігін байқаған. «Кейбір азаматтар Комиссияның жұмысы туралы...

Елнұр Бейсенбаев: Жаңа Конституция – Қазақстанның дамуының айғағы

Жаңа Конституцияның алғашқы баптарынан-ақ оның тұжырымдамалық сипаты айқын көрінеді. Бұл – әділеттілікке, тәртіпке және тұрақтылыққа негізделген қоғам сұранысына мемлекеттің нақты жауабы. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев енгізіліп жатқан өзгерістердің қисынын осылай деп түсіндірді. Бейсенбаевтың айтуынша, жаңа Конституцияның өзегінде қоғамдағы келісімді сақтау және өткен қателіктерді қайталамау қағидаты жатыр. «Конституцияның 2-бабының 1-тармағында Қазақстанның...

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жаңа Конституцияның басымдығын атады

Конституция жобасы адамның қолданыстағы құқықтары мен бостандықтарын сақтап қана қоймай, олардың аясын кеңейтіп, нақты іске асуын және қорғалуын күшейтеді. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева айтты. «Конституция – мемлекеттің құқық жүйесінің іргетасы. Оның негізінде қабылданатын заңдар әрқайсымыздың және әр баланың өмірі, болашағы мен әл-ауқатына тікелей байланысты. Конституция жобасы мазмұндық тұрғыдан үш...

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын жариялау ашық талқылануда

Тәуелсізәлеуметтікзерттеуге қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігіКонституциялықреформанықолдап отыр.Азаматтарсондай-ақ ұсынылғанөзгерістерденжеке әл-ауқаты мен жалпыөмір сүру сапасыныңжақсаруынкүтеді.БұлтуралыҚРПрезидентіжанындағыҚазақстанныңстратегиялықзерттеулеринститутыныңдиректорыЖандосШаймарданов Конституциялықкомиссияның кезектіотырысындахабарлады. Жандос Шаймарданов ауқымды реформа бойынша жұмыс 2025 жылдың қазан айында басталғанын және азаматтардан тікелей кері байланыс алумен қатар жүргенін еске салды. Мәселен,Конституциялықкомиссияныңжұмысыбасталған кезде азаматтар,заңгер-ғалымдар,сарапшылар,саясипартиялардан және үкіметтік емес ұйымдардан 2мыңнанастамбастамашылұсыныстар келіп түскен. ҚР жаңа Конституциясы жобасының ашық жариялануы да еркін қоғамдық пікірталасқа ұласты. eOtinish платформасы арқылы өтініштер әлі де...

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары сараптамалық талқылаудан өтті. Іс-шара аясында сарапшылар конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын, олардың институционалдық мазмұнын және елдің саяси-қоғамдық жүйесіне ықтимал әсерін қарастырды. Ерекше назар қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында конституциялық нормаларды жаңарту мәселелеріне аударылды. Талқылауға жетекші ғалымдар, академиялық қауымдастық өкілдері, мемлекеттік басқару саласының сарапшылары, сондай-ақ ЕҰУ-дың оқытушылары мен докторанттар қатысты. Іс-шара барысында ҚР Парламенті Сенатының...

Жетісу облысындағы су шаруашылығы: жаңа инфрақұрылымдық жобалар мен заманауи технологиялар

Жетісу облысында 2024–2028 жылдарға арналған су шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспарға сәйкес су шаруашылығындағы  37 нысанды қайта жаңғырту және жөндеу жобалары іске асырылады. Аталған жобалардың нәтижесінде шамамен 80 мың гектар суармалы жердің сумен қамтылуы жақсарып, қосымша 3,2 мың гектар жаңа жер айналымға енгізіледі. Нәтижесінде суару каналдарындағы судың шығыны 35 пайызға дейін азаяды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы су үнемдеу технологиясын...

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын тарихи қадам деп бағалады

Бүгінелордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесініңкеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысындапартия мүшелері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері ҚР Конституциясының жаңажобасын талқылап, еліміздің саяси жаңғыружолындағы тарихи қадам ретінде бірауызданқолдау білдірді.​​Жиынды ашқан партия Төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Серік Егізбаев баяндама жасады. Ол жаңа Конституцияны ел дамуының жаңа философиясы және «Әділетті Қазақстанның» құқықтық іргетасы деп атады.​​​​​«Бұл құжат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...

БҰҰ миссиясының басшысы қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды. Сапарды ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды. Сапар барысында миссия қолбасшылығымен кездесу өтіп, оның шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау мандатын іске асыру мәселелері, өңірдегі ахуал мен қазақстандық контингенттің қызметі талқыланды. Миссия басшысы және БҰҰ бөлінген...