Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы қажет – Тоқаев
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан
https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674
– Сіз Атом энергетикасына қатысты референдум кезінде ақпарат құралдарының алдында сөз сөйлеп, атом электр стансасын салуға озық технологиясы бар шетел компаниялары тартылады дедіңіз. Халықаралық консорциум құрылатын болды. Үкімет қай компанияларға басымдық беретінін айқындады ма?
– Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде бұл мәселе де талқыланды. Жобаға тапсырыс беруші ретінде Қазақстан жағы Консорциумда бас оператор болады...
Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге еш негіз жоқ – Тоқаев
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан
https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674
– Елімізде мерзімінен бұрын парламент сайлауы бола ма? Бұл туралы қазір жиі айтыла бастады.
– Мұндай болжамдар бар екенін білемін. Бұл ақпарат әдейі таратылып жатыр деп ойлаймын. Біздің елде жаңа Үкімет жұмысына кіріскен бетте оның отставкаға кететіні туралы әңгіме тарайды. Парламент туралы да дәл солай деуге болады. Мен Парламент депутаттары азаматтық және саяси жауапкершілік...
Ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті ерекше бақылауда ұстап отырмын – Тоқаев
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан
https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674
– Талғардағы қылмыстық оқиға ел ішінде үлкен дүрбелең тудырды. Жұртшылық Сіздің осы жағдайға қатысты пікіріңізді білгісі келеді.
– Қайталап айтамын, елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты мызғымастай орнығуға тиіс. Мен Талғар оқиғасына дейін жариялаған Жолдауымда құқық қорғау органдарынан қылмыс пен қарақшылықтың тамырына балта шабуды талап еттім.
Қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікті қылмыстық топтар жасағанын естен шығармаған...
Президент: Заң мен тәртіп – кемел демократияның тірегі
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан
https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674
– Сіз «Заң мен тәртіп» қағидасы туралы жиі айтасыз. Кейбіреулер мұны қоғамға «қылбұрау салу» деп қабылдап жатыр. Бұған не айтар едіңіз?
– «Заң мен тәртіп» қағидасы құқық қорғау саласына ғана арналған деп тұжырымдаған дұрыс болмайды. Мен бұл қағиданы тереңірек түсінемін. «Заң мен тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты. Бұл ретте жазалау шараларын қолдану арқылы...
Президент ұшақ апаты кезінде көмектескен әрбір жанға алғыс айтты
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан
https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674
Желтоқсанның соңғы күндері Ақтау қаласында Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. 38 адам қаза болды, оның ішінде еліміздің 6 азаматы бар. Ауыр жарақат алғандар да көп. Мұндай сәтте әрбір секунд қымбат. Құтқарушылар, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары шұғыл әрі үйлесімді әрекет етті, кәсіби деңгейі мен азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті. Жақын жердегі Маңғыстау өңірлік...
Президент «Таза Қазақстан» акциясын идеологиялық платформа деп санайды
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан
https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674
– Былтыр «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Игі бастама барлық өңірді қамтыды. Сіз «Таза Қазақстан» дегеніміз көше тазалаудан әлдеқайда ауқымды ұғым екенін атап өттіңіз. Осы бағыттағы жұмыс қалай жалғасады?
– «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін. Әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіргім келеді....
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: МАҚСАТЫМ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖӘНЕ ЕГЕМЕНДІКТІ НЫҒАЙТУ
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатыңызда жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын белгілеп бердіңіз. Осындай сұхбаттар жақсы дәстүрге айналып келеді. Бұл елімізді дамытуға қатысты шаралардың мән-маңызын азаматтарымыздың терең түсінуіне мүмкіндік береді. Бүгін де мазмұнды әрі ашық әңгіме өрбітеміз деп ойлаймын. Алғашқы сұрақ: Қазақстан үшін өткен жыл несімен ерекше болды?
– Былтыр көптеген маңызды оқиға...
Жетісу облысы Рудничный ауылындағы апатты жағдайда тұрған мектептің орнына жаңа ғимарат салуға 2,6 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Жетісу облысы Рудничный ауылында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады. Үкімет бұл жобаны жүзеге асыруға 2,6 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады.
1969 жылы салынған орта мектептің ескі ғимаратында 140-тан астам бала білім алуда. 55 жылдан бері білім ошағы ешқандай күрделі жөндеу...
2024 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бөлінді
2024 жыл Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың маңызды кезеңі болды. Негізгі қадамдардың бірі базалық және ортақ зейнетақыларды, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды индекстеумен байланысты әлеуметтік төлемдерді арттыру болды. Инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, төлем мөлшері ұлғайтылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарғысы – 120%-ға дейін жыл...




























