15.5 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 9 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 26

Оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады. Демалыстың әр күні «Наурызнама» онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар «Таза Қазақстан» , «Еңбек адамы» және «Заң мен тәртіп»...

ҚАЗАҚСТАН БҰҰ-НЫҢ ЕСІРТКІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНДА: ҚОРҒАНЫС СТРАТЕГИЯСЫНАН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНІҢ ТАБЫСТАРЫНА ЖАҺАНДЫҚ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТКЕ КӨШУ

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 69-сессиясында сөз сөйледі. Сессия қатысушыларына жасалған негізгі үндеудің өзегі есірткі қатеріне қарсы күресте жоғары технологиялық әдістерге көшу болды. Бұл бағыттағы бірегей үйлестіру жүйесі Қазақстанның құқық қорғау органдарына қылмыстың қаржылық инфрақұрылымын жоюға шоғырлануға мүмкіндік берді. Мұндай қарсы іс-қимыл халықаралық сипатқа ие болды, өйткені қазақстандық тараптың сұрауы бойынша шетелдік банктердегі...

Жетісудағы Наурыз – 2026: цифрлық киіз үй, робот-гуманоид және AI Nauryz ашық алаңы

Жетісу облысында көктемнің басты мерекесі Наурызға орай 1330-дан астам іс-шара өткізіледі. Әр күні белгілі бір тақырыпқа арналатын дәстүрлі Наурызнаманың биылғы мерекеленуіндегі басты ерекшеліктерінің бірі цифрландыру мен ЖИ қолдану болмақ. Мәселен, талдықорғандықтарға цифрлық киіз үй жобасы ұсынылып, келушілерге робот-гуманоид жасанды интеллект пен Жетісуда қолданылатын инновациялық жобаларды интерактивті түрде көрсетеді. Сол сияқты AI Nauryz ашық алаңында қала тұрғындары заманауи цифрлық құралдарды...

Қазақстан ұлттық мүддесін, егемендігін әрдайым қорғайды

Мемлекет басшысы: «Қазіргі Қазақстан көптеген елден көш ілгері. Шартарапқа экономикалық дамуы орнықты, саяси ахуалы тұрақты, түрлі дін мен мәдениетке құрметпен қарайтын ел ретінде танылдық. Біз өркениетаралық және дінаралық диалог өрбітуді, халықаралық құқықты сақтап, бейбіт қатар өмір сүруді, ядролық қаруды таратпай, өзара сенім және қауіпсіздік шараларын нығайтуды жақтаймыз. Қазақстан ұлттық мүддесін, егемендігін әрдайым қорғайды. Келешекте де солай болмақ. Біз – жасампаз ұлтпыз. Қарым-қатынасты қиратпаймыз,...

Жаңа Конституция жобасы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды ең жоғары деңгейге көтереді

Президент: «Жаңа Конституция жобасы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды ең жоғары деңгейге көтереді. Яғни адам дүние есігін ашқаннан бастап, оның бастауыш және орта білім алуы, отбасын құруы және кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасау міндеті Негізгі заңда түгел қамтылған. Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі. Күні кеше ғана кейбір нормалар әлеуметтік қиял сияқты көрінген еді. Мысалы,...

Біз бір ел болып жаңа кезеңге қадам бастық

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз бір ел болып жаңа кезеңге қадам бастық. Мемлекеттік мекемелер жекелеген басшылардың қалауына қарай емес, Конституцияға және тиісті заңға сәйкес жұмыс істейді. Саяси жаңғырудың мән-маңызы да – осында. Мемлекеттік биліктің табиғи, яғни эволюциялық жолмен дамуы мызғымас сипатқа ие болды. Бұл маңызды жұмысты тоқтату, тіпті, өткенді кері қайтару да мүмкін емес. Себебі халық ондайға жол бермейді. Мен бұған кәміл сенемін. Бүгінде...

Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді. Жаңа Конституция – жастарға өмірде бағыт-бағдар сілтейтін темірқазық іспеттес. Өйткені өзгерістерге толы жаңа дәуірде елдің де, жердің иесі, қорғаны – жастар. Сондықтан бұл құжатты Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы орнықты дамуына негіз қалайтын саяси тұғыры десек, қателеспейміз. Қазіргі конституциялық реформаны Ата заңымызға...

Президент: ұлттық экономикамыз жалпы тұрақты түрде өсіп келеді

Мемлекет басшысы: «Қазір әлемдегі саяси-экономикалық ахуал аса күрделі болып кеткенін көріп отырсыздар. Әскери қақтығыстар, «сауда соғысы» жылдан жылға ушығып барады. Бұл әлемдегі ірі мемлекеттер арасындағы өзара сенім дағдарысының, олардың халықаралық қауымдастық алдындағы жауапкершілікті елеп-ескермеуінің нәтижесі деп айтуға негіз бар. Мұның бәрі еліміздің мүмкіндіктерін шектеп отыр. Бірақ соған қарамастан, біз ұлттық стратегиямызды табанды түрде әрі біртіндеп жүзеге асырып жатырмыз. Барлық сын-қатер мен қиындықты...