Президент:
«Жаңа Конституция жобасы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды ең жоғары деңгейге көтереді. Яғни адам дүние есігін ашқаннан бастап, оның бастауыш және орта білім алуы, отбасын құруы және кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасау міндеті Негізгі заңда түгел қамтылған.
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі. Күні кеше ғана кейбір нормалар әлеуметтік қиял сияқты көрінген еді.
Мысалы, қазіргі Конституцияда азаматтың мемлекетке келтіретін зияны жөнінде жазылған, ал жаңа Ата заң жобасында адамға зиян келтіргені үшін мемлекетке жүктелетін жауапкершілік туралы норма пайда болды.
Бұдан былай әр адам мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеті арқылы келтірілген зиянды мемлекеттен өтеп алуға құқығы бар.
«Мемлекет Конституциясы адам конституциясын бұзбайтындай болуға тиіс» деген ұлағатты сөз Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін қорғаудың жаңа тәсілдерін дәл сипаттайды.
Заң мен тәртіп үстемдігіне мемлекеттік идеология ретінде басымдық берілгенін тағы да атап өткім келеді. Бұл қағидатты толық түсінбесек және ұлттық санамызға сіңірмесек, қазақ мемлекеттігінің нығаюы туралы айтудың өзі артық».





























