17.9 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 8 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 234

Алаяқтар хабарласса не істеу керек: Бас прокуратура алты кеңес айтты

Қазақстандағы алаяқтық ұзақ уақыт бойы азаматтар үшін бас ауруына айналды. Аляқтар «банк қызметкерлері» болып қоңырау соғады, интернеттегі жалған хабарландырулар, күмәнді инвестициялар, мұндай схемалар көпшілікке таныс және күнсайын күрделене түсіп отыр. Қазақстанда статистика не дейді? 2024 жылы интернет — алаяқтықтың 22 870 жағдайы тіркелді, ал 2025 жылдың 5 айында — 10 145. Қай өңірлерде жиі алдайды? Астана 2025 жылдың 5 айында 1548 жағдаймен көшбастап тұр, бұдан әрі Алматы...

Президент мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасын бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы: «адамға бағдарланған» «Ең алдымен адамдар» моделін құру» тұжырымдамасын жаңа редакцияда бекітті. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі «халық үніне құлақ асатын», тиімді, есеп беретін, кәсіби және прагматикалық мемлекет қағидаттарына негізделеді. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қағидаттарының сақталуы қамтамасыз етілетін болады. Қағидаттар мемлекеттік басқару жүйесінің негіз қалаушы қасиеттерін, маңызды сипаттамаларын көрсетеді және...

Отбасының кірісі мен шығысы есептеледі: АӘК жаңа тәртіппен тағайындалады

2025 жылғы 16 маусымнан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау мен төлеудің жаңартылған қағидалары күшіне енеді. Тиісті бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі биыл 30 мамырда қол қойды. Жаңашылдықтың мақсаты — жүйені дәлірек әрі әділ ету. Енді көмек тағайындау кезінде өтініш берушінің кірісімен қатар шығысы да ескеріледі. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, аталған шаралар мемлекеттік қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтап, көмекті нақты...

Silk Way Star — Президент Телерадиокешені мен CMG-дің жаңа жобасы

Астанада ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Қытай Медиа корпорациясы (CMG) «Silk Way Star» халықаралық жобасы туралы келісімге қол қойды. Құжат Қытай Халық Республикасы Төрағасының Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында қабылданды. Қол қою рәсімі екі ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өтті. Келісімге Президент Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева мен CMG Қытай Медиа корпорациясының басшысы Шэнь Хайсюн қол қойды. «Silk Way...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қытай экспорт-импорт банкінің басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай экспорт-импорт банкі басқармасының төрағасы Чэнь Хуайюймен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға байланысты бірқатар мәселені, сондай-ақ Қазақстан аумағында бірлескен инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады. Қытай экспорт-импорт банкінің көлік-логистикалық және өзге де инфрақұрылымды дамытуға бағытталған негізгі инвестициялық бастамаларды қаржыландыруға одан әрі қатысу перспективаларына...

Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басшысы Ли Вэймен 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін көмір химия зауытын салу мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басқарма төрағасы Ли Вэймен кездесу өткізді. Онда энергетика саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанда көмір химия зауытын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды. QazaqGaz және Shandong Energy Group Co. компанияларының Қарағанды облысындағы көмірден газ өндіретін көмір химия зауытының құрылысы бойынша бірлескен жоспарларына назар аударылды. Жобалық қуаты жылына 2 млрд м3...

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді. Сонымен қатар аталған компанияны Қазақстанның энергетика секторындағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады. Президент мұнай-газ саласындағы бірлескен қызмет аясында көмірсутегі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар еліміз корпорациямен ықпалдастықты...

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алды. Мемлекет басшысының айтуынша, ҚХР Төрағасы қазақ жерінде қай кезде де қадірлі қонақ саналған, ал оның бұл жолғы сапары – шынайы әрі мызғымас достығымыздың айқын көрінісі. – Қытай Халық Республикасы – Қазақстанның тату көршісі, жақын досы және сенімді серіктесі. Сан қырлы қазақ-қытай ықпалдастығы Сіздің жеке қолдауыңызбен мәңгі әрі...

Жетісу облысында кедендік бақылау күшейтілуде: 5 айда 91 тексеру жүргізілді

Ағымдағы жылдың бес айында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан 91 кедендік тексеру жүргізілді. Оның ішінде камералдық, құжаттық және көшпелі тексерулер бар. Кедендік тексеру - бұл тауарлар шығарылғаннан кейін жүргізілетін кедендік бақылаудың бір түрі. Ол Кеден кодексінде көзделген өзге де бақылау нысандары мен шараларын пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының заңнамасын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаншалықты сақтайтынын...

Жыл басынан бері облыста 215 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

Жетісу облысында биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 215 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Тергеу өндірісінде 130 қылмыстық іс аяқталып, оның 122-сі сотқа жолданды. 2024 жылдан бастап енгізілген «Anti-fraud» жүйесі аясында облыс аумағында барлығы 2 431 инцидент тіркелді, оның ішінде 1 620-сы – алаяқтық фактілері бойынша. Қабылданған үйлестіру шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 117,1 миллион теңге бұғатталды, оның ішінде 12,2 миллион теңге интернет-алаяқтық...