13.9 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 29 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 212

Мемлекет басшысы: «Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ»

«Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін нақты реформаларды қолға алдық. Бұл – ауқымды әрі күрделі жұмыс. Бүгінге дейін біраз шаруа атқарылды. Елдегі саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды. Қоғамымыз дамып, азаматтардың сана-сезімі өзгеруде. Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ....

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты

Мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр. Бұл туралы елордада өтіп жатқан ұстаздардың республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. - Ең алдымен, баршаңызға дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуы құтты болсын! Бұл – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесіне арналған өте маңызды басқосу. Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып...

Жетісу облысында жыл соңына дейін газға қосылуға мүмкіндік алған тұрғындар саны 500 мыңнан асады

Жетісу облысы құрылғанға дейін небәрі 5 елді мекен газдандырылып, халықты қамту деңгейі 24% ғана болған. Ал соңғы үш жылда қабылданған шаралардың арқасында Панфилов ауданын қоса алғанда Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі 126 елді мекеннің 84-і газдандырылып, газбен қамту көрсеткіші 58,2%-ға жетті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, газдандыру - облыс басшылығы қызметінің негізгі бағыттарының бірі....

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың тамыз конференциясы басталды

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың республикалық тамыз конференциясы басталды. Жаңа оқу жылының басталуына орай заман талабына сай адамгершілігі жоғары, кәсіби құзыретті және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағына бағдар беру мақсатындағы республикалық іс-шара “Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман” тақырыбымен өтіп жатыр. Конференцияның негізгі бағыттары мыналар: «Адал азамат» бағдарламасы аясында оқыту мен тәрбиелеудің...

Жетісу облысында үш жылда 590 км облыстық, 603 км ауылішілік жолдар жөнделіп, туризмнің дамуына ықпал етті

Соңғы үш жылда республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал – Достық» жолдары реконструкцияланды. Соңғы жылдарда 546,3 км республикалық маңыздағы жол жөнделсе, биыл тағы 289,5 шақырым жөнделеді. Сондай-ақ 590 км облыстық, 603 км ауылішілік жолдар жөнделді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұүл ретте жол инфрақұрылымын жақсарту шаралары өңірдегі туризмнің дамуына оң ықпал етті. Атап айқтанда, Алакөл жағалауының инфрақұрылымын...

Жетісу облысының экономикасына үш жылда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылды

Жалпы, соңғы үш жыл ішінде Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі салалар бойынша оң динамика сақталды. Бұл ретте 2022–2024 жылдар аралығында өңірге 1,2 трлн теңге инвестиция тартылған, оның ішінде жеке инвестициялар – 808,5 млрд теңге. Осы кезеңде 135 жоба іске асырылып, 3,8 мың жұмыс орны ашылған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында да оң өсім...

Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл: тұрақтылық пен дамудың кепілі

2025 жылы Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияның 30 жылдығын атап өтеді. Аталған құжат тәуелсіз мемлекеттің берік іргетасына айналды және саяси жүйенің тұрақты эволюциясын қамтамасыз етті. Бұл еліміздің тарихындағы аса маңызды белес әрі тәуелсіздіктің тұғыры мен заң үстемдігінің кепілі саналатын құжаттың үш онжылдықтағы рөлін бағамдайтын кезең. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде негізгі Заңды құрметтеу және мүлтіксіз...

Жетісу облысында үш жылда саябақ, сквер, аллея түрінде 18 жасыл аймақ жасалды

Жетісу облысы құрылғаннан бергі үш жыл ішінде өңір аумағында жаңадан 11 саябақ, 5 сквер және 2 аллея салынған. Ал биыл оған қоса жалпы аумағы 11.3 га болатын тағы 7 жасыл аумақ жасалады. Олар Ескелді, Көксу, Алакөл, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында. Елді мекендерді абаттандыру шаралары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қолға алынып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз...

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Облыс әкімінің айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықта өңірге 178 миллиард теңге (өсім – 29,5 пайыз) инвестиция тартылған. 2025-2027 жылдарға арналған инвестициялық портфель жасақталып, оған жалпы құны 2,6 триллион теңге болатын 128 жоба енгізілді. Олардың аясында 10,6 мың жұмыс орны ашылады. Атап айтқанда, тау-кен байыту комбинаты, «Қазақстан –...