“Басқұншы” шекара бөлімшесінде мерекелік іс-шара өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты “Қорғас” шекара бөлімі “Басқұншы” шекара бөлімшесінде “18 тамыз – Шекарашылар күні” мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға Басқұншы ауылдық округінің әкімшілігі мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысып, жеке құрамға арнап концерттік бағдарлама қойылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті
Шекарашылар спорттық жарыс ұйымдастырды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің “Қорғас” шекаралық бақылау басқармасы Шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толуына орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа шекара басқармасының жеке құрамы қатысып, командалар өзара мықтылықтарын сынға салды. Спорттық дода әскери қызметшілердің ауызбіршілігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.
Іс-шара соңында жеңімпаз командалар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті
Панфилов ауданында “Жас офицер” балы өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы мен «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында ҚР ҰҚК Шекара академиясын бітірген түлектерге арналған дәстүрлі “Жас офицер” балы ұйымдастырылды.
Іс-шара жас офицерлердің әскери қызметтегі алғашқы қадамын атап өтуге арналды. Бал барысында офицерлік антына берік болу, Отанға адал қызмет ету және мемлекеттік шекараны мүлтіксіз қорғау мәселелері айрықша атап өтілді.
“Жас офицер”...
«Жалаңашкөл” оқиғасына арналған митинг
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты “Жалаңашкөл” шекара бөлімшесінде 1969 жылғы “Жалаңашкөл” оқиғасына байланысты митинг ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында шекарашылар мен жастарға тарихи оқиғаның мән-маңызы түсіндіріліп, ерлік пен елді қорғаудың асқақ үлгісін көрсеткен ардагерлердің есімі құрметпен аталды. Сонымен қатар, жиналғандар шекарашы батырлардың рухына тағзым етіп, Отанға адал қызмет етудің маңыздылығы атап өтілді.
ҚР ҰҚК...
Шекарашылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында жеке құраммен кездесу өткізілді. Шара барысында әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.
Кездесудің мақсаты – шекарашыларды тұрғын үй саласындағы жаңа заңнамалық түзетулермен таныстыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік қолдау жөнінде толыққанды ақпарат беру.
Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын...
Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты дегеніміз не?
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жер учаскелеріне берілетін мемлекеттік актілер және пәтерлер мен үйлердің техникалық паспорттары кадастрлық паспортқа ауыстырылды.
🔗Бүгін кадастрлық паспортта пәтерге қатысты қандай мәліметтер көрсетіледі және ескі техникалық паспортты міндетті түрде ауыстыру қажет пе деген сұрақтарға толығырақ тоқталдық.
«Әлеуметтік әмиян»: АӘК пен ТКК алушылар үшін тауарлық газға 27%-ға дейін жеңілдік
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен тұрғын үй көмегін (ТКК) алатын азаматтарға тауарлық газға цифрлық ваучерлер беру жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.
Жобаны Энергетика министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп жүзеге асыруда. Бастама еліміздің барлық газдандырылған өңірлерін қамтиды.
Бұл қадам Президент Жолдауын іске...
Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады
Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамыту және нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңда денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бірқатар шараны жүзеге асыру көзделген.
Әлеуметтік осал топтарды МӘМС-пен қамтуды кеңейту: Халықты барынша жүйеге тарту мақсатында әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін жарналарды...
Ұлт денсаулығын нығайту жөніндегі Президент тапсырмасын орындау: профилактикалық скринингтер мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер пакетіне енгізілген
Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан халыққа медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
МӘМС жүйесі енгізілгеннен бері денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі үш есеге артты. Бұл халықтың жоғары технологиялық және қымбат қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік берді. Енді барлық...
2024 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: Жүйелі реформалар еліміздегі медициналық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігін қалай арттыруда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайтуға және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру міндетін қойды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде денсаулық сақтау саласын сапалы түрде жаңғыртуға бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл жұмыс әрбір азамат үшін медициналық көмектің қолжетімділігі...





























