12.7 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 29 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 208

«Адал азамат» бағдарламасы 2025–2026 жылдан бастап барлық мектептерде енгізіледі

Цель – сформировать у учеников честность, трудолюбие и патриотизм, а также укрепить связь школы с обществом. Источник: Министерство просвещения РК Программа «Адал азамат» внедряется во всех школах с 2025–2026 учебного года

Шекарада: валюта, темекі, ұялы телефондар контрабандасы

«ШЫХО-Қорғас» кеден бекеті кеден заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2025 жылдың алғашқы жеті айында «ШЫХО-Қорғас» кеден бекетінің қызметкерлері шекара арқылы тауарлар мен валютаны заңсыз өткізудің ондаған фактісін анықтады. Кейбір тұлғалар электронды темекі, телефон және басқа да гаджеттерді алып өтпек болған. Ең ірі ұстаулар декларацияланбаған қолма-қол ақшаға қатысты. Осы кезеңде жалпы 26 жағдай анықталып, оның барысында 343...

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасқа айналады. Электр энергетикасы: басты міндет – энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету Электр энергетикасы саласындағы басты міндет – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қанағаттандыру. Президенттің...

Бюроның Байланыс орталығы ауыл шаруашылығы санағы аясында 8 мыңнан астам өтініш қабылдады

Тамыз айының басынан бастап Ұлттық статистика бюросының 1446 байланыс орталығы азаматтарға Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысу мәселелері бойынша белсенді түрде кеңес беріп келеді. 1 тамыздан бастап байланыс орталығына 10,5 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, оның 8,4 мыңы тікелей ауыл шаруашылығы санағына қатысты болды. Қазіргі таңда санақ онлайн форматта өтіп жатыр. Тамыз айының соңына дейін барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтары...

Жетісу облысында Тамыз конференциясы аясында білім мекемелерінің 90 қызметкері марапатталды

Жетісуда «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» облыстық тамыз конференциясы аясында өңірдегі мұғалімдер, тәрбиешілер, әлеуметтік педагогтар, білім саласының дамуына үлес қосқан басқа да саланың қызметкерлері, демеушілер мен кәсіпкерлер, басым бөлігі білім мекемелеріндегі жұмысшы мамандар – жалпы саны 90 адам марапатталды. Талдықорғанда өткен конференция жұмысына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова  және өңірдің педагогтар...

Үкіметтің Баспасөз қызметі Aitu ұлттық мессенджерінде өзінің ресми арнасын іске қосты

Мемлекет басшысының қорғалған коммуникацияларды пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет Aitu ұлттық мессенджеріне көшуді жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Азаматтар мен БАҚ өкілдерінің Үкімет қызметі туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізе алуы үшін ресми арна іске қосылды. Естеріңізге сала кетсек, Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Цифрлық штабтың шешіміне сәйкес ішінде дербес деректері бар және тағы да...

Соңғы үш жылда Жетісу облысында 232 ауыл мектебінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды

Жетісу облысының педагогтары Мемлекет басшысы жүктеген 5 міндетке басымдық бере отырып, білім беру саласының негізгі мәселелерін талқылады. Мәселен, соңғы үш жылда 232 ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жабдықталды, сол сияқты 20 жаңа білім нысаны ашылып, 22 нысан күрделі жөндеуден өткен, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорған қаласында өткен педагогтардың «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы тамыз конференциясында...

Достықта Шекара қызметінің мерекесіне арналған концерт өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Достық шекара бөлімі мен Достық шекаралық бақылау бөлімі бірлесіп, Шекара қызметінің құрылған күніне орай мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, әскери қызметшілер мен қонақтарға арналып өнерпаздар концерттік нөмірлер ұсынды. Мерекелік жиын шекарашылардың рухын көтеріп, ел шебін қорғаудағы қызметке деген мақтаныш сезімін арттырды. ҚР ҰҚК...

Шекарашылардың мерекесіне арналған концерт өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы Жаркент қаласының мәдениет үйінде Шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толуына арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастыры. Салтанатты шараға шекара басқармасының жеке құрамы, ардагерлер мен қонақтар қатысты. Концерт барысында Отан қорғаушылардың ерлік дәстүрін дәріптейтін патриоттық әндер шырқалып, театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Мерекелік іс-шара шекарашылардың бойында патриоттық рухты нығайтып, мемлекеттік шекараны қорғау...

Алакөлдегі шекарашыларға арналған мерекелік шара

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара Алакөл аудандық З.Қойшыбаев атындағы Мәдениет үйінде өтті. Шараға Алакөл шекара басқармасының жеке құрамы мен мәдениет үйінің қызметкерлері ат салысты. Мерекелік жиынға сондай-ақ Үшарал қаласының әскери бөлім командирлері мен мемлекеттік органдардың басшылары қонақ ретінде шақырылды. Іс-шара барысында шекарашылардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі ерекше атап өтіліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. ҚР...