Жетісуда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал салынды
Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнап мурал салынды. Талдықорған қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасына салынған бұл сурет Ассамблеяның ел бірлігін, татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлін айшықтап тұр.
Бұл теңдессіз арт-нысан – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған, еліміздегі этностардың татулығын, достығын және мәдени ортасын бейнелейтін ерекше көркем туынды. Суретте түрлі этнос өкілдері, ұлттық ою-өрнек, достықты білдіретін...
Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының ашылу салтанатына дейін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті.
- Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды, - делінген хабарламада.
Кәсіпкерлер назарына: тілдік нормалардың сақталуына бақылау күшейтілді
Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру мақсатында бизнес өкілдерінің көрнекі ақпараттарына, оның ішінде жарнама, хабарландыру, ас мәзірі, баға көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіліп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Ермек Ақшабаев мәлімдеді.
Бүгінде Талдықорған қаласында 220 кәсіпорынға тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 113 заңбұзушылық...
Жетісуда ауыл шаруашылығы санағына 20 мың жеке шаруа қожалығы қамтылмақ
1 тамыздан бастап Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Букенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы санағы – он жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік науқан ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі іс-шара. Мұндай ауқымды науқанды биыл Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа да елдер қолға...
IT – болашаққа жолдама: Tech Orda 2025 бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) Tech Orda 2025 білім беру бағдарламасының жаңа легіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды. Бағдарлама 18 бен 45 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарына сұранысқа ие IT-мамандықтарды тегін меңгеруге мүмкіндік береді.
Өтінімдерді 2025 жылғы 3 қыркүйекке дейін Astana Hub платформасы арқылы беруге болады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында білімді, бәсекеге қабілетті, жаңа заман талаптарына сай жастарды...
Антониу Гутерриш қонақжайлық танытқаны үшін ілтипатын жеткізіп, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесіне ерекше тоқталды
Қазақстан – бейбітшілік пен диалог символы, халықтар арасындағы алтын көпір әрі көптеген жағдайда әділ мәмілегер екенін көрсетіп келеді. Бұған осыдан ондаған жыл бұрын ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешім негіз қалады. Бұл шын мәнінде бүкіл әлем үшін өнегелі іс болды. Өркениеттердің қақтығысы туралы сөз қозғалғанда, Қазақстан өз тәжірибесі арқылы түрлі діндер және мәдениет өкілдері арасында диалог пен ынтымақтастық...
ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды
Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастайды.
Жаңа құрылым азаматтардың сенімді ақпарат алу құқығын қамтамасыз етудегі маңызды элемент болады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
жалған ақпаратты анықтау және оны жоққа шығару;
азаматтарды маңызды тақырыптар бойынша объективті, тексерілген деректермен қамтамасыз ету;
ақпаратты жауапкершілікпен тұтыну мәдениетін дамыту.
Ақпараттық қанықтыру жағдайында фактілерді қасақана бұрмалаудан ажырату өте маңызды. Жаңа орталық ақпарат ағынында...
Жетісу облысында Конституцияның 30 жылдығына орай 300-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған
Жетісу облысында тарихи дата - Конституцияның 30 жылдығына арналған шаралар өңірдің барлық аудан-қалаларын қамтып, шамамен 300-ге жуық іс-шара өткізіледі деп межеленіп отыр. Соның ішінде тұрғын үйлер, жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар, бизнес насындары ашылады деп жоспарланған. Сол сияқты азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, мерейтойлық дата аясында Кербұлақ...
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, тағы бір маңызды бағыт – машина жасау секторы
✔️Әлемнің ең озық компанияларын тарта отырып, жергілікті өндірісті дамыту өзекті.
– Қазір Қазақстанда шетелдік үздік компаниялар жұмыс істейді. Мен жыл басында Астанадағы электровоз құрастыру кәсіпорнына бардым. Онда жүк және жолаушылар тасымалдайтын электровоз бен қосалқы бөлшектер шығарылып жатыр. Ең бастысы, осындай маңызды жұмысты өз мамандарымыз атқаруда. Мемлекет мұндай жобаларға жан-жақты қолдау көрсете бермек, – деді Президент.
✔️Мемлекет басшысы әуе қатынастарын дамыту көлік...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
2025 жылғы 01 тамыз
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Елдің көлік саласын дамытуға, қатынас жолдарының инфрақұрылымын қалыптастыруға және жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:
II дәрежелі «Барыс» орденімен
Қазанов Жанболат Байрахметұлы – «ОблШығысЖол» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы;
III дәрежелі «Барыс» орденімен
Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы – Көлік министрі;
«Парасат» орденімен
Сақтағанов Мақсат Әбдірұлы – «Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағы» одақ нысанындағы ЗТБ (ҚазАТО) президенті, Алматы қаласы;
«Құрмет» орденімен
Алдыбергенов Талғат Сағиұлы – «Қазақстан темір...




























