Үкімет туризм саласын дамыту мәселелерін талқылады
Үкіметте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында туризмді дамыту жұмыстары қаралды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен кеңеске орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдері қатысты. Жиында туристік аймақтардың жағдайы және Президент тапсырмаларын орындау бойынша есептер тыңдалып, негізгі туристік дестинацияларға жасалған іссапарлардың қорытындысы ұсынылды.
Ермек...
ҚазАгроҚаржы ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне өтінімдер берудің цифрлық сервисін енгізді
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ шаруаларға ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне берген өтінімдері бойынша небәрі 10 минут ішінде шешім алуға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервистің іске қосылғаны туралы жариялады.
Бұл құралдың негізінде жасанды интеллект технологиялары жатыр. Өтінім беру кезінде клиент шаруа немесе фермер қожалығының құрамы туралы анықтаманы тіркейді, содан кейін жүйе құжатты автоматты түрде тануды жүзеге асырады....
Ақсу ауданында 175 млн теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталды
Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі шеңберінде Ақсу ауданының бірқатар мемлекеттік мекемелеріне жоспарлы тексеру жүргізді.
Аудиторлық іс-шаралар бюджет қаражатын жұмсау және мемлекеттік активтерді жоспарлау кезінде бюджет және өзге де заңнама нормаларының сақталуын бағалауға бағытталған. Тексеру шеңберінде: "Ақсу ауданы әкімінің аппараты", "Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" , "Ақсу...
Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.
– Қазір жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар көбеюде. Алмағайып кезең ешкімге оңай болып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алуда. Дегенмен біз өткен заманнан дұрыс сабақ...
Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Талдықорғанда аумағы 1,2 гектар жаңа саябақ ашылды
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Талдықорған қаласының жаңа шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ ашылды. Бұл жаңа нысан Қала күні қарсаңында ашылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Құлагер» шағын ауданындағы нысан заман талабына сай жабдықталған. Автоматты суару жүйесі орнатылып, жасыл газон төселген. Сонымен қатар аталған саябақта балалар ойын аумағы, шағын сәулет нысандары, Workout аймағы,...
Жетісуда ҚР жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар өтеді
17 қыркүйекте Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатысуымен семинар өтеді.
Іс-шара «Атамекен» Кәсіпкерлер ұлттық палатасымен бірлесіп ұйымдастырылады және жаңа Салық кодексінің негізгі талаптарын түсіндіруге бағытталып отыр.
Семинардың мақсаты – өңірдің кәсіпкерлері мен салық төлеушілеріне салық заңнамаларының алдағы өзгерістері туралы өзекті ақпараттар беру, сол сияқты қатысушылардың сұрақтарына жауап беру.
Өтетін орны:
Талдықорған қ., Назарбаев көшесі, 67, І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы
Өтетін...
2025 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жаңа жобалар жүзеге асады
Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда саланың қазіргі жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Искаков мәлімдеді.
Ауыл шаруашылығы тұрақты мемлекеттік қолдау мен инвестициялық бастамалардың нәтижесінде жаңа деңгейге көтерілу үстінде. 2025 жыл осы бағыттағы шешуші кезең болмақ. Мәселен, «Ауыл Аманаты» бағдарламасына республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді....
ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ҰЙЫМДАР!
Сіздерді 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15:00-де өткізілетін
Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз.
Іс-шараны өкізудің мақсаты: қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.
Өткізу нысаны: Бірыңғай есеп беру күні...
Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңге бөлінді
Президент еселі еңбектері үшін еліміздің диқандарына ризашылығын білдірді.
– Жыл сайын егін жинау науқанында сіздердің кәсіби біліктеріңіз, табандылықтарыңыз және патриоттық қасиеттеріңіз сыналады. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері бұл сыннан сүрінбей өтеді. Сіздер жай-күй таңдамай, табиғат тосын мінез танытса да жұмыс істеп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрсіздер. Маңдай терлеріңіз арқылы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, экономиканы дамытуға және ауылдағы тұрмысты жақсартуға орасан зор үлес қосып...





























