17.9 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 13 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 184

Су мәселесі – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында Үкіметке су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын әзірлеуді тапсырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Оның айтуынша, бұл сала ұлттық цифрлық жаңғырудағы негізгі бағыттардың біріне айналуы қажет. – Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі. Соңғы екі жылда осы саланың институционалдық негізі қалыптасты: Су кодексі қабылданып,...

Тоқаев: Қазақстанда зейнетақы жинақтарының деңгейі төмен

8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне қатысты түйткілдерді атап өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Мемлекет басшысының айтуынша, елде зейнетақы жинақтарының көлемі әлі де төмен. Бұл мәселе әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында айқын байқалады. Президент Үкіметке Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған шараларды қабылдауды тапсырды. – Зейнетақы жүйесінің ұзақмерзімді...

Алатау сити қандай қалаға айналады? – Тоқаев тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауында Алатау сити жобасының болашағына тоқталып, оның мәртебесі мен дамуы жөнінде нақты тапсырмалар берді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Президенттің айтуынша, Алатау сити Үкіметке тікелей бағынатын ерекше құқықтық мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе жобаның қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асуына мүмкіндік беретін маңызды құрал болмақ. «Алатау сити өңірдегі толық цифрландырылған...

«Қазір арқан тартысатын уақыт емес» — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – жоғары инфляция екенін атап өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Мемлекет басшысының айтуынша, инфляция экономикалық өсімге де, халық табысына да кері әсер етіп отыр. «Бұл мәселенің дайын шешімі жоқ. Көп елде ортақ проблема болғанымен, Қазақстанда айрықша өткір сипатқа ие. Біз осы макроэкономикалық шеңберден шығуымыз керек. Қиын, бірақ қажет қадамдарға баруға...

Тоқаев жаңа министрлік құруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жаңа министрлік құруды тапсырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.  «Қолданыстағы салалық ведомствоның негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет. Бұл ведомствоны вице-премьер деңгейіндегі білікті маман басқаруы тиіс», – деді Президент. Осылайша, Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласын дамыту мен цифрлық реформаларды жеделдетуге айрықша назар аудару керектігін атап өтті.

«Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында қоғамдағы тәртіп пен мәдениет мәселесіне ерекше тоқталып, заң үстемдігін нығайтудың маңызын атап өтті. «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуы қажет. Бұл – ең алдымен ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным», – деді...