Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жаңа министрлік құруды тапсырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«Қолданыстағы салалық ведомствоның негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет. Бұл ведомствоны вице-премьер деңгейіндегі білікті маман басқаруы тиіс», – деді Президент.
Осылайша, Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласын дамыту мен цифрлық реформаларды жеделдетуге айрықша назар аудару керектігін атап өтті.





























