Жетісуда патрульдік полиция жол тәртібін сақтау мәселесіне назар аударды
"Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясында Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 2025 жылдың он айында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.
Бақылау және қадағалау функцияларын іске асыра отырып, полицейлер 38 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерін тіркеді. Олардың ішінде адам өміріне тікелей қауіп төндіретін аса ауыр құқық бұзушылықтар да бар. Есептік кезеңде жол-көлік оқиғаларының...
«Астана Операда» эстон музыкасының концерті өтті
Әлемге әйгілі композиторлар Арво Пярттың 90 жылдығы мен Вельо Тормистың 95 жылдығына орай «Астана Опера» сахнасында эстон музыкасының кеші ұйымдастырылды. Концертте XX–XXI ғасырда өмір сүрген екі ұлы тұлғаның шығармалары орындалды. Музыкалық кеш Эстония Президенті Алар Каристің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.
«Бүгінгі кеште біз Эстония мен Қазақстан арасындағы достықты музыка арқылы атап өтеміз. Музыка – эстон мәдениеті мен болмысының ажырамас...
ХҚКО трансформациясы
Архивтік анықтама — бұл жұмыс өтілін, қызмет орнын, оқу орнын немесе тұрғылықты жерін растауға арналған құжат. Көбінесе ол зейнетақы рәсімдеу немесе басқа әлеуметтік төлемдерді алу кезінде қажет болады.
Қазақстан әлемдегі Топ-100 суперкомпьютер қатарына енді
Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance Linpack) стандарты бойынша тәуелсіз тестілеуден өткен, яғни әлемдік деңгейде мойындалған есептеу өнімділігіне ие кластерлер ғана енгізіледі.
«Alem.Cloud» ұлттық суперкомпьютер кластері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инфрақұрылымының негізінде құрылған болатын. Суперкомпьютер...
Бейбіт Исабаев жетісулық ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай осы саланың бірқатар мамандарына мемлекеттік марапаттар тапсырды. Атап айтқанда, осы механик, трактор жүргізушісі, малшы, шаруа қожалықтарының жұмысшылары сияқты 7 еңбек адамы құрметке ие болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жиынға келген мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған Бейбіт Исабаев өз сөзінде аграрлық салаға көрсетіліп отырған қолдауларға, Президенттің қатысуымен...
Жетісу облысында өндірілген өнімді өңдеу көлемі 68%-ға жетті
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында 123 кәсіпорын жұмыс істейді. 2025 жылдың басынан бері 74,2 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді. Жалпы, өңірде өндірілген өнімді қайта өңдеу көлемі 68%-ға жетті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 500,0 мың гектар болған. Бұл ретте қант қызылшасын дамытуға...
Әскери қызметке шақыру бойынша үгіт-насихат жүргізілді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының аға офицері майор Н.Жасұлан мен кіші сержант Д.Иманбаева Сарыөзек қаласында ҚР Қорғаныс министрлігінің 29108 және 12704 әскери бөлімдерінің мерзімді әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР ҰҚК Шекара академиясына түсу тәртібі, қабылдау талаптары және келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру бағытында жан-жақты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
ҚР ҰҚК Шекара...
Әскери борышын өтеген сарбаздарға грант сертификаттары табысталды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті бастығы полковник М.Нарбаев Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Отан алдындағы мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарған сарбаздарға «Сарбаз 2.0» әскери жобасы бойынша жоғары оқу орындарына грант сертификаттарын табыстады. Бұл мүмкіндік Мемлекет басшысының жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында іске асырылуда.
Грант иесі атанған С.Жеңіс, Ә.Әбдірахаманов, О.Майнен, Е.Кенжебаев, Ә.Жаймағанбетовтер келер жылы М.Тынышбаев атындағы университеті,...
Сарбаздар Нұрдәулет Ақышпен кездесті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты шекара бөлімшелері мен Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің сарбаздары Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақышпен кездесті.
Аталған шара ҚР Жазушылар Одағымен жасалған меморандум аясында жүзеге асырылды. Кездесу барысында жазушы сарбаздарға ұлттық рух, әдебиеттің адам санасын тәрбиелеудегі рөлі, туған жерге адалдық пен жауапкершілік...
Ашық есік күні өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының "Басқұншы" шекара бөлімшесінде Крылов орта мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушыларына арналған "Жас шекарашы" үйірмесінің ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар шекарашылардың күнделікті қызмет барысымен танысып, мемлекеттік шекараны күзетудің жауапты да мәртебелі міндетін өз көздерімен көрді. Әскери бөлімше өмірі, қызмет тәртібі, жауынгерлік дайындық және шекарашы мамандығының маңызы туралы ақпарат...





























