Мемлекет басшысы аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралауды тапсырды
«Ал аудан әкімдерін сайлауға қатысты әртүрлі көзқарас бар. Бірқатар қоғам қайраткері мен белсенді азаматтар «аудан әкімдерін сайлау қажет пе, жоқ па» деген мәселені қайта қарауды ұсынуда. Бұл мәселені Ерлан Саиров, Альберт Рау, Мархабат Жайымбетов бастаған депутаттар да көтерді.
Олар елде сайлау тым көбейіп бара жатқанын, жұрт саяси науқандардан мезі бола бастағанын айтуда. Бұл пікірді ауыл және аудан тұрғындары да қолдап...
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауылдағы сайлау саяси партиялардың аймақтардағы жұмысына тың серпін берді»
«Олар өз үміткерлерін ұсынып, сайлауға белсене араласты. Саяси ұйымдардың 1500-ден астам өкілі әкім болып сайланды. Жаңа басшылардың қатарында алты партияның мүшелері бар. Ал 700-ден астам азамат өзін-өзі ұсынып, сайлауда жеңіске жетті.
Сайланған әкімдер жұмысқа кірісіп кетті, жалпы нәтиже жаман емес деуге болады. Ең бастысы, олар жергілікті жұрттың мұң-мұқтажын, шешімін таппай жатқан түйткілдерді жақсы біледі.
Ауыл-аймақтың дамуына бөлінген бюджет қаражаты да тиімді...
Президент: «Еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды»
«2020 жылы халыққа Жолдауымда ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтергенімді білесіздер. Бұл мемлекетті басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы аса маңызды қадам болды. Себебі жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады.
Сондықтан біз орынсыз асығыстыққа жол берген жоқпыз, ауыл әкімдерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішінде біртіндеп жүзеге асырдық.
Бүкіл еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды. Олардың орташа жасы – 43 жас....
Мемлекет басшысы: «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші»
«Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз.
Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл...
Бүгін Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындайды. Cондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелеріне тоқталады.
Бүгінде еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға қатысты субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді
Отандық өндірушілерді қолдау және асыл тұқымды мал сатып алу кезіндегі қаржылық жүктемені азайту мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 428 бұйрығымен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, отандық және импорттық асыл тұқымды мал сатып алуға берілетін субсидиялар нормативтері қолданыстағы мөлшерден 75 пайызға арттырылды.
Құжат 2025 жылғы...
ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАР үшін МАҢЫЗДЫ ЖАҢАЛЫҚ!
Қазақстан Республикасының Үкіметі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекітті.
ҚР Үкіметінің № 994 қаулысы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл шешім табысты заңдастыру және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады!
Енді сіз келесі қызмет түрлерімен айналыссаңыз, жеңілдетілген режимде жұмыс істей аласыз:
• Такси қызметі
• Дайын тағамды тапсырыс бойынша жеткізу
• Жеке...
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан — біздің болашағымыз» акциясы өткізілді
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ерекше форматтағы «Таза Қазақстан - біздің болашағымыз» атты акция өткізілді. Бұл шарада ұйымдастырушылар Талдықорған қаласы көшелерін тазалайтын жандарға ризашылық білдіріп, оларға ыстық шай ұсынып, санитарлық тазалық жұмыстарына көмектесті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға 50 адам қатысты.
- Бұл акция – тек тазалық шарасы емес, экологиялық мәдениетті көтеруге, тұрғындарды ортақ жауапкершілікке шақыруға бағытталған әлеуметтік бастама. Табиғатты...
Президент тапсырмасы бойынша Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылы жаңа деңгейге көтерілді
Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен (МҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Дүниежүзілік банктің (ДБ), Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК), Азия даму банкінің (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ), Ислам даму банкінің (ИДБ) өкілдері қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесіне Премьер-министр басшылық етті. Кеңес құрамына сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының...
Disney студиясының «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
26 қарашада Алматыда Disney студиясының «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Оған елімізге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен депутаттар, дубляж актерлары мен блогерлер, БАҚ өкілдері қатысты.
Фильм елімізде 27 қарашадан бастап қазақ және орыс тілдерінде үлкен экрандардан көрсетіледі.
Бұл – биыл Disney-дің қазақ тілінде «сөйлеткен» төртінші фильмі. Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан...





























