Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын автокөліктерде пайдалану мәселесі кеңінен талқыланды
Атап айтқанда, автокөлік сыртына Мемлекеттік Туды ілген азаматтарды жол-патрульдік полиция қызметкерлері түрлі себептермен тоқтатқаны жөнінде ақпараттар жарияланды.
Айта кетейік, Мемлекеттік туды көлікке орналастырған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен аймақтық полиция департаменттерінің түсіндіруінше, 16 желтоқсанда көлік жүргізушілері тек жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда ғана тоқтатылған.
Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың...
Олжас Бектенов денсаулық сақтау саласын цифрландыру және қаржылық тәртіп мәселесі бойынша кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша қойған міндеттері шеңберінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Онда Денсаулық сақтау министрлігінің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін жетілдіруге және цифрлық трансформациясына қатысты тәсілдері қаралды. Халыққа МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды.
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен шамамен 17...
Бикен Римова атындағы драма театрына академиялық мәртебе берілуі салтанатты түрде аталып өтілді
Бүгін Жетісу облысында Бикен Римова атындағы драма театрына академиялық мәртебесі берілуіне орай салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, арнайы келген қонақтар - Қазақстанның халық әртістері Болат Әбділманов, Лидия Кәденова, Дулыға Ақмолда және басқа да елімізге белгілі өнер иелері, жергілікті театр ұжымы, зиялы қауым өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен театр маңдайшасындағы...
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіреді»
Мемлекет басшысы қазір бүкіл әлем түбегейлі бетбұрыс кезеңін бастан өткеріп жатқанын алға тартып, атом станциясының құрылысын бастау туралы стратегиялық шешімнің маңызына назар аударды. Президенттің пайымдауынша, бұл болашақта еліміздің энергетикалық келбетін түбегейлі өзгертіп, экономикамызды қайта құруға ықпал етеді.
– Балқаш атом электр станциясының құрылысы, одан кейінгі салынатын екінші АЭС Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ ядролық энергетика сияқты маңызды салада жаңа...
Президент: «2030 жылға дейін кемінде 200 нысанға реконструкция жасалады, 86 мың шақырым желі жаңарады»
🟦Бұл орайда Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымды қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске қосылғанын еске салды.
– Соның нәтижесінде үш жыл ішінде тек кәсіпорындардың күрделі жөндеу жұмыстарына 900 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Бұл жұмыстың қарқынын бәсеңдетпеу керек. Алдымызда сенімді әрі заманауи энергетика инфрақұрылымын қалыптастырып, экономиканың дамуына тиісті жағдай жасау міндеті тұр. Осы орайда Үкімет «Энергетикалық және...
Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың...
Тәуелсіздік күніне орай Жетісуда бес жаңа әлеуметтік нысан ашылды
Тәуелсіздік күніне орай Жетісуда денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында жалпы саны 5 жаңа нысан ашылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Қаратал ауданының Ортатөбе және Қанабек ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт, Тастөбе ауылында мәдениет үйі, Қаражиде ауылында спорт кешені ашылды. Мұндай нысандар аталған елді мекендерде бұған дейін болмаған. Сондықтан жаңа ғимараттардың ашылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын...
Жетісулық шекарашы республикалық турнирдің екі дүркін чемпионы атанды
Алматы қаласындағы ЦСКА спорт кешенінде юниорлар арасында қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен келген командалар қатысып, олардың қатарында ҚР ІІМ академиялары (Алматы және Қарағанды қалалары), Құрлық әскерлері институты, ВИРЭС, ҚР ҰҚК Академиясы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ABROY СГО, BATYR TEAM ТЖМ, сондай-ақ 15 жекпе-жек клубының өкілдері бақ сынады.
Жарысқа ҚР ҰҚК Шекара қызметі атынан ҚР...
Жаркентте Желтоқсан қаһармандарына арналған еске алу кеші өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының қатысуымен Жаркент қаласындағы «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейінде 16 желтоқсан - Желтоқсан көтерілісіне қатысушылармен кездесу және қаһарман қыз Ләззат Асанованы еске алу кеші өтті.
Аталған іс-шара музей басшылығының ұйымдастыруымен өткізіліп, оған Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 74261 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты....
Қорғас шекарашылары шағын футболдан І орынды жеңіп алды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Қорғас шекаралық бақылау басқармасы «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған» Алтынкөл станциясы ұйымдастырған шағын футбол жарысында жүлделі І орынға ие болды.
Жарыс барысында команда жоғары ойын шеберлігін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Бұл жетістік жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжымдық рухты нығайтуға ықпал етті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі...





























