25.5 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 22 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 119

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

2025 жылдың 11 айында өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 5,9%-ға өсіп, 27 трлн теңгеден асты. Мұндай деректерді Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков айтты. Өсім металлургия, машина жасау, химия және құрылыс материалдарын өндіру сынды негізгі секторларда оң динамика көрсетіп отыр. Бұл – Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспарлы жұмыстың нәтижесі. «Бұл көрсеткіштерге жаңа...

Алтын қорларының өсімі 98 тоннаны, мыс – 36 мың тоннаны құрады: геологиялық барлау қорытындылары

Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша Қазақстанда қорлардың өсімі шамамен 98 тонна алтын, 36 мың тонна мыс және 1,3 млн тоннадан астам фосфоритті құрады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан айтты. Алғаш рет мемлекеттік есепке 5 жаңа кен орны қойылды. Олар: Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз аумақтың геологиялық-геофизикалық зерттелуін кеңейтеміз....

Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды барлауға 700-ден астам жаңа лицензия берілді

Биыл инвесторларға барлауға 707 лицензия және пайдалы қазбаларды өндіруге 22 лицензия берілді. Үкіметтің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы аясында минералды-шикізат базасын басқарудың ашықтығын арттыру туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан хабарлады. Ол Президенттің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан саланы жүйелі жаңғыртудың нәтижесінде бүгінде пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынғанын атап өтті. «Елімізде барлығы 2 907...

«Тау-Кен Самұрық» арқылы геологиялық барлауға 72 млрд теңгеден астам қаржы инвестицияланды

Геологиялық барлауға 72 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, Fortescue және Esan сияқты ірі серіктестермен 21 бірлескен кәсіпорын құрылды. «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды жүзеге асырудағы рөлі туралы вице-министр Иран Шархан Үкіметтің баспасөз мәслихатында айтты. Бүгінгі таңда Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарын қоса алғанда, 5 пилоттық жоба жүзеге асырылуда. 2028 жылға қарай қорларды JORC халықаралық...

2028 жылға қарай Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады

Астанада құны 14 млрд теңге болатын Ұлттық геологиялық қызметтің зертханалық кешенін салу жоспарлануда, оған аналитикалық зертханалар мен керноқойма кіреді. Президент тапсырмаларын орындау аясында саланың инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы вице-министр Иран Шархан Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихатында хабарлады. Сонымен қатар заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде: Сенатта жер қойнауы туралы кодекске цифрлық жер қойнауын пайдалануды және электрондық аукциондарды енгізуді көздейтін түзетулер қаралуда. «Жаңа инфрақұрылым...

Жетісудың энергетика саласының мамандарына мемлекеттік наградалар берілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Талдықорған акционерлік электр жүйелерін тасымалдау компаниясы» АҚ аға диспетчері Нұрмұханбетов Ержан Әбитайұлы "Құрмет" орденімен, «Текелі энергокешені» ЖШС электр слесары Колесников Сергей Викторович ІІІ дәрежелі "Еңбек Данқы" орденімен марапатталды.  Құттықтаймыз!!! Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін марапаттады — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау...

Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесу өткізді. 🟦Мемлекет басшысы Достық лигасының қызметіне жоғары баға беріп, оны екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызды тетігі ретінде қарастыратынын атап өтті. – Еліміз Токиомен жан-жақты ықпалдастықты одан әрі арттыруға баса мән береді. Парламентаралық диалог тереңдей түсті. Түрлі деңгейдегі байланыстар тұрақты түрде жалғасуда. Сауда-экономика және инвестиция саласындағы екіжақты қатынастарымыз тың серпінмен...

Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. ✔Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты. – Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деп ойлаймыз. Жапон тарапы да үлкен мән беріп отыр. Бүгін Премьер-министрмен кездесемін. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор болатынына ешқандай күмән жоқ. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан өз дамуында...

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды. 🟦1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан. 🟦Ғибадатхана түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің біріне айналдырған император Мейджиге арналған. 🟦Кешенмен танысқан соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. «Мейджи Джингу – берекелі...

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды. 🟦Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді. 🟦Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді. 🟦Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға...