-7.1 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 19 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 11

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2025 ЖЫЛЫ 125 МЫҢ БАЛА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

2025 жылы Қазақстан балаларға медициналық оңалтудың қолжетімділігін едәуір кеңейтті. «Қамқорлық» жобасы шеңберінде Атырау, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жетісу және Ақмола облыстарында 6 жаңа ауданаралық оңалту орталығы ашылды. Ағымдағы жылы барлығы 125 мың бала оңалту көмегін алды. Сонымен қатар, балалар денсаулығы саласындағы мамандандырылған бағдарламаларды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Елімізде «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы және 2026-2030 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді. Құжат әр баланың...

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар мүгедектерді оңалту, тұрғын үй мәселелері бойынша жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мәселен, талдықорғандық Сая Абдрашева қаладағы оңалту орталығы жанынан ерекше қажеттілігі бар азаматтарды тәулік бойына уақытша қалдыратын топ ашылса, мүгедек азаматтарға жылына бір реттік көмек берілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Бұл ретте мұндай...

Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды

ҚР Президентінің көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде осы жылдың соңына дейін 46 теміржол вокзалын жаңғырту аяқталады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Ол республикада 124 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары басталғанын, жыл соңына дейін оның 46-сында құрылыс жұмыстары аяқталатынын атап өтті. «Биыл 175 жаңа заманауи жолаушылар вагоны сатып алынды. 2030...

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті

2025 жылы көлік саласының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсуді көрсетеді. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Ол елдің транзиттік әлеуеті мен логистикалық мүмкіндіктері кеңейіп, қызмет көрсету сапасы артып келе жатқанын атап өтті. Осы жұмыс аясында бірқатар шаралар мен ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. «Жол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде биыл 13 мың шақырым жол жөндеу...

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет тағы 5 шекаралық өткізу пунктін жаңғыртуды аяқтауда

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады. Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы контурындағы барлық өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай болып, жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз етеді», — деп атап...

Кәсіби шеберлік сабағы өтті

Шинкиокушинкай каратэ облыстық федерациясының спорттық залында ерекше маңызға ие іс-шара өтті. Атап айтқанда, Облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ мүшелеріне арналып, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Шинкиокушинкай каратэ федерациясының төрайымы Бетирова Зайна Махмутовна жетекшілік еткен кәсіби мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер-класс сағат 10:30-да басталып, қатысушыларға жоғары деңгейдегі жаттығу процесін сезінуге, шеберлік шыңына жету жолын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Зайна Махмутовна өзінің көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп,...

«Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектерге 13 миллионнан астам рецепт жазылды

«Әлеуметтік әмиян» цифрлық сервисі енгізілген сәттен бастап азаматтарға ыңғайлы цифрлық форматта дәрі-дәрмек беру бойынша 13 млн-нан астам қызмет көрсетілді, бұл амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету (АДҚ) шеңберінде жазылған барлық тағайындаулардың 81,2%-ын құрайды. Жобаға бүкіл ел бойынша 708 медициналық ұйым қосылған. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жалпы деңгейі e-Densaulyq, Halyk, ВЦК, Face ID және SMS-код цифрлық тетіктері арқылы жіберілген рецепттерді қоса алғанда, 85,1%-ға жетті. Рецепттердің 14,9%-ы бұрынғы...

ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіретін бірқатар кеңестерін аяқтады

Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндірудің қорытынды онлайн-кеңесін өткізді. Талқылауға "Атамекен" ҰКП, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ барлық облыстық филиалы, бизнес, әкімдік өкілдері қатысты. Ағымдағы жылғы 27 қараша мен 5 желтоқсан аралығында барлық өңірде кездесу өткізілді. Оларға 500-ден астам адам қатысты. 19 қарашада Үкімет отырысында ұсынылған бағдарлама макроэкономикалық тұрақтылықты...

Джидда қаласында триатлоннан Азия чемпионаты өтті

5–6 желтоқсан күндері Сауд Арабиясы Корольдігінің Джидда қаласында U17 және U15 жас санаттары бойынша триатлоннан Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 21 елден 114 спортшы қатысты.   Қазақстан сапынан 7 спортшы өнер көрсетті:   Нурмухамет Алуа Шнейдер Калерия Аида Ким Шевченко Арсений Мұрат Әлхам Шевнин Матвей Сейтбек Ералы   Жарыс қорытындылары:   U15 Women 1-орын — Нурмухамет Алуа 29:19 2-орын — Шнейдер Калерия 29:22   Youth Women 9-орын — Аида Ким 30:52   U15 Men 9-орын — Сейтбек Ералы 28:25   Youth Men 4-орын — Шевченко Арсений 26:57 5-орын — Мұрат Әлхам 27:02 7-орын...

Бейбіт Исабаев Ақсу ауданында салынған жолдардың сапасына айрықша мән беруді тапсырды

Жетісу облысының Ақсу ауданында тұрғындар өтінішіне орай Алтынарық ауылына кіреберіс 3,2 шақырым жолға және 22 шақырымдық «Ақсу - Жаңалық» автожолына асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын, абаттандыру жұмыстары келесі жылы бітеді. Осыған байланысты аудан тұрғындарымен кездесуде Бейбіт Исабаев аудан әкіміне тиісті басқармамен бірлесіп, салынып жатқан жолдардың сапасына және жөндеудің дер кезінде  аяқталуына ерекше мән беріп, кемшіліктерді түзеуді тапсырды, - деп...