13.9 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 22 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 109

АӨК-те импортты алмастыру: Қазақстан өңделген сүт пен құс етін өндіруді ұлғайтуда

Сүт және ашытылған сүт өнімдерінің импортына тәуелділік іс жүзінде жойылды. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Дүкен сөрелерінде отандық өнімдер басым. Сүтті өңдеу көлемі 2020 жылы 620 мың тоннадан 2024 жылы 632 мың тоннаға дейін, ал ашытылған сүт өнімдерінің көлемі 227 мың тоннадан 238 мың тоннаға дейін өсті. Көрсеткішті одан әрі кеңейту үшін СҚО-ның...

Кешенді жоспар және 200 млрд теңге: мал шаруашылығы қалай дамиды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аланы дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру 2026 жылдан басталады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет жұмысының жылдық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Министр келтірген өзекті деректер бойынша ІҚМ саны 8,3 млн басқа, қой мен ешкі – 21,3 млн, жылқы – 4,4 млн басқа жеткен. Әрі қарай өсуді қамтамасыз ету үшін құжат...

2026 жылғы егін егу науқанын қаржыландыруға 1,3 мыңнан астам өтінім түсті

Агротехнологияларды сақтау және уақтылы мемлекеттік қолдау көрсету ауыл шаруашылығы көрсеткіштерінің сапалы өсуін қамтамасыз етті. Егер 2023 жылы орташа өнімділік 11 ц/га болған болса, 2025 жылы ол 17 ц/га-ға дейін өсті, ал озық шаруашылықтарда 40 ц/га-ға дейін жетті. Бұл деректерді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз конференциясында келтірді. Мұнда егін егу және егін жинау жұмыстарын жеңілдікпен...

Әртараптандырудың нәтижесі: Қазақстанда 2,9 млн тонна картоп жиналды

2025 жылы картоптың жалпы өнімі 2,9 миллион тоннаға жетті, ал мақта өнімі шамамен 430 мың тоннаны құрады. Бұл – соңғы 18 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Мұндай ақпаратты Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихаттары аясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. Министр майлы дақылдар мен бұршақ дақылдарын өсімнің негізгі өзегі деп атады. Бұршақ дақылдарынан 1,1 млн тоннадан астам рекордтық өнімі алынды, оның ішінде:...

Экспорттық әлеует және жаңа нарықтар: Қазақстан шетелге астық жеткізу көлемін арттырды

Биылғы маркетингтік жылда экспортқа рекордтық көлемдегі 13,4 млн тонна астық жіберілді, бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Жемдік ұнды қоса алғанда, мұндағы көлем 15 млн тоннадан асты. Бұл туралы АШМ басшысы Айдарбек Сапаров Үкімет жұмысының жылдық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтты. Ал жаңа орылған егіннен бүгінде 3,9 млн тонна астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға артық. Еліміздің жалпы...

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға артты

2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,1%-ға артып, 9,2 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Өсімнің негізгі драйвері егін шаруашылығы болды, онда өндіріс көлемі 7,6%-ға артып, 5,8 трлн теңгені құрады. Мал шаруашылығында көрсеткіштер 3,5%-ға өсіп, 3,3 трлн теңгеге жетті. «Бұл көрсеткіштер саланың нақты...

ДДҰ мен Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды қолдау бойынша ақпараттық материалдар шығарды

Қазақстанда ата-аналарды қолдау бойынша LEGO қорының жобасы шеңберінде әзірленген ата-аналарға арналған ақпараттық буклеттер пакеті шығарылды. Материалдарды ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп дайындаған және ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі қалта анықтамалығының ұсынымдарына негізделген. Жалпы таралымы 540 000 дана болады. Буклеттер барлық өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына жеткізіліп, кейіннен баланың ерте даму орталықтарына таратылады. Материалдар орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді. Буклеттер қысқа...

Ұлт рухын асқақтатқан қаһарман тұлға

Бауыржан Момышұлы – ұлт рухын асқақтатқан қаһарман тұлға. Ол тәртіп пен табандылықты өмірлік мұрат етті. Қайсар қолбасшының ерлігі мен өнегесі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Жыл қорытындысы: Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді

2025 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери басқару органдарын, құрамаларды, әскери бөлімдер мен мекемелерді жоспарлы даярлау жүйелі түрде жүзеге асырылды. Оқу жылы барысында жауынгерлік даярлық бойынша шамамен 60 мың іс-шара өткізілді, олардың 17 мыңнан астамы түнгі жағдайларда ұйымдастырылды. Іс-шаралардың негізгі бөлігі Құрлық әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің үлесіне тиесілі болды. Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің ұшқыш құрамын даярлау деңгейінің оң серпіні атап...

Жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі талқыланды

Жақында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» және «Atamnyn  amanaty» қоғамдық бірлестіктері бірге Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Тарихи жадыны сақтау ұрпақ сабақтастығы мен жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызды фактор ретінде» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы аға ұрпақ ерлігін ұлықтаудың, тарихи жадыны сақтаудың жаңа жолдарын, бағыттары мен формаларын іздеу, тарихи-өлкетану қызметін, архивтік - іздестіру...