«Жетісу» ФК футболшылары мен қызметкерлері Талдықорғанда өтіп жатқан референдумға қатысып, белсенді азаматтық ұстаным танытты. Жаттықтырушылар штабынан бастап ойыншыларға дейін команданың бүкіл ұжымы, клуб әкімшілігі мен қызметкерлері бірге сайлау учаскелеріне өз ұстанымдарын білдіру үшін және болашаққа үлес қосу үшін келді.