Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Астанада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумына қатыстым. Форум барысында реформаларды іске асыру аясында өңірлерді дамытудың өзекті мәселелері, Әділетті Қазақстанды құру қадамдары, сондай-ақ АЭС салу жөніндегі алдағы референдум талқыланды. Бұл жиын биліктің орталық және аймақтық деңгейдегі барлық тармағының өзара іс-қимылының жаңа формасы деуге болады. Президент мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы болып саналар мәслихат жұмысына ерекше мән берді. «Мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негізгі институт. Сондықтан оның тиімділігі депутаттардың кәсібилігіне тікелей байланысты. Біліміне білігі сай депутаттар корпусын жасақтауға, ең алдымен, оларды ұсынған партиялар мүдделі болуы керек. Бүгін мәслихат депутаттарының біліктілігін жетілдіру туралы ұсыныс айтылды»-деп мәслихат депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру үшін бұл бағытқа ерекше назар аудару қажеттігін баса айтты. Алдағы уақытта өңірде біліктілікті жетілдіру мақсатында құзырлы органдармен бірлесе отырып, өзара ынтымақтастық орнатылады деп білеміз.
Темірболат АХАЖАН, Талдықорған қалалық мәслихат төрағасы