Алғашқы салымды қазақстандық көкпаршылар салды

30

Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бақ сынауға келген көкпаршылар «Қазанат» ипподромында іріктеу жарыстарын өткізіп жатыр.

Доданы Қазақстан және Өзбекстан құрама командасының көкпаршылары бастады. Алғашқы салымды Қазақстан құрама командасынан Құрманбек есімді шабандоз салды.

Тартысты өткен сайыста, қазақстандық шабандоздардың мерейі үстем болып, 16:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз