Талдықорғанда жаңа оқу жылында 35 мыңнан аса оқушы білім алады

71

1 қыркүйек — «Білім күніне» орай, қаламыздың озық білім ордасының бірі Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде алғашқы қоңырау шарасы өтті.

Салтанатты шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларды мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

«Биылғы жаңа оқу жылында қала мектептерінде 35 819 оқушы білім алатын болса, солардың 3 935 мектеп табалдырығын аттап отырған балдырғандарымыз. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы оң, қадамы сәтті болсын. Біз мектеп жасындағы оқушыларымызды сапалы білім алуына, олардың болашақтарының жарқын болуына жағдай жасау біздің басты парызымыз», — деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Сонымен қатар, жыл сайын бала санының артуына байланысты «Жайлы Мектеп» жобасы аясында 3 жаңа мектеп бой көтермек. Бұдан бөлек, қаламызда жеке қаражат есебінен 600 орынды «Тұрар-Ана» мектебінің құрылыс жұмыстарыда басталмақ.

Айта кетейік, Талдықорған қаласы бойынша барлығы 27 мектепте білім күні ерекше көңіл күйде аталынып өтілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз