Жыл сайын 35 мыңнан астам қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылады. Қорғаныс министрлігі еліміз бойынша 70-тен астам жоғары оқу орындарымен келісім жасалып, әскер қатарында жақсы жағынан көрінген жастарға тегін әскери білім алу мүмкіндігі де берілмек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы №443 Жарлығы және Талдықорған қаласы әкімінің «2024 жылғы 28 ақпанындағы №127 Қаулысы негізінде» «2024 жылдың наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында 1998 – 2006 жылы туған азаматтарды күзгі әскери қызметке шақыру науқаны ағымдағы жылдың 2-ші қыркүйек айынан бастап жүргізіледі.
«Әскердегі қызмет — әрбір азаматтың қасиетті борышы және міндеті!». Біздің елімізді қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы және конституциялық міндеті болып табылатынын (Конституцияның 36-бабы) халыққа жеткіземіз.
Отан алдындағы әскери борышын орындаудан бас тартқан адамдарды іздестіруді ішкі істер органдары жүзеге асырады (Заңның 17-б. 3-т.). Бұл ретте, әскери қызметтен жалтару Қылмыстық кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жауапқа әкеп соғады, онда 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, азаматтарды саналы болуға, ал жұртшылықты әскери міндетін орындауға шақыру жүргізіліп жатқан науқанына түсіністікпен қарауға шақырамыз.