Жетісу облысында контрабанда фактісі бойынша 14 қылмыстық іс тіркелді

184

Жетісу облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Экономикалық контрабанда, лудомания және  есірткіге қарсы күрес» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Мирас Құрбанов пен осы аталмыш департаменттің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Ербол Құрманбаев атқаралып жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шараларға  тоқталды.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Балалар мен жастардың денсаулығына, демек, ұлтымыздың болашағына зор зиян келтіретін вапалар мен электрондық темекілердің таралуына қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты қазіргі уақытта Парламентте қаралып жатқан вейптерді әкелу, өндіру және олардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленді. Айтуларынша,департаменттің жұмысы бизнеске араласпай, нүктелік ЖМБ-ны егжей-тегжей талдауға және жүргізуге бағытталған. Кеден саласында облысымыз ҚХР-мен шекаралас 5 ТП ( Алакөл, Қорғас ХШЫО, Алтынкөл- жол және Нұр жолы) және Талдықорған  қаласында 1 бекет орналасқан. Агенттіктің талабына сәйкес, экспорттық-импорттық және транзиттік операцияларды талдау жолымен жұмыстар атқарылады. Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тарапынан контрабанда фактісі бойынша 14 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде Қытайдан 4,2 млрд.теңгеге 35 жалған транзит тауар жасаған ОПГ қызметі тоқтатылды.

Сонымен қатар, Тәжікстанға 4,6 млрд теңгеге жалған транзиттің 26 фактісі бойынша басқа ОПГ-ға қатысты іс сотқа жолданды.

2024 жылы ҚХР-дан Өзбекстанға жалған транзит схемасы бойынша тауарларды контрабандалық әкелу арнасын ұйымдастырған тағы бір ОПГ қызметі тоқтатылды.

Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті алдын  алу  жұмыстарын  жүргізу  барысында 158 млн. теңгеге, 222 мың қорап темекі әкелудің 3 фактісі анықталды. Жауапты тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, ХШЫО арқылы  206 млн. теңге сомасына 290 мың қорап мөлшерінде темекі әкелудің 4 әрекеті тоқтатылды. Бұдан басқа, жедел жұмыс нәтижелері бойынша Департамент 6,1 млрд теңгеден астам сомаға «Вейптерді» заңсыз әкелу фактісін анықтады. Тергеу жалғасуда.

Сонымен қатар, шекара маңы аймағында-Жетісу облысы «Қорғас» ХШЫО аумағының қазақстандық жағында (Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруі кезінде, ҰҚКД, ПД, Шекара қызметі және Алматы облысы бойынша ТДМ-мен бірлесіп ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамында) жезөкшелікпен айналысу үшін 6 заңсыз жасырын ойын мекемесі мен бір притонның, ұйымдастырушылардың қызметі жойылды.

Сот санкциялаған тінту шараларының нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі және құмар ойындарды ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық жабдықтар табылып, тәркіленді. Іс өндірісте.

Сонымен қатар департамент «Қорғас»ХШЫО-да заңсыз қызметтің жолын кесу бойынша өзге де жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Мәселен, департаментпен ХШЫО арқылы 206 млн. теңге сомасына 290 мың қорап мөлшерінде темекі әкелудің 4 әрекеті тоқтатылды.

Бұдан  басқа,  жедел  жұмыс нәтижелері бойынша Департамент 6,1 млрд теңгеден астам сомаға «Вейптерді» заңсыз әкелу фактісін анықтады. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз