Жетісу облысының халқын көмірмен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде өңірге тәулігіне орташа есеппен 10 вагон 690 тонна қатты отын жеткізіліп, түсірілуде. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz. хабарлайды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының деректеріне сәйкес бүгінгі таңда облыс көлемінде 35 көмір тұйығы мен қоймалары бар. 24 шілдедегі ақпаратқа сәйкес, оларда 26 мың тонна көмір жатыр, соның ішінде «Шұбаркөл» — 17,2 «Қаражыра» — 8,8 мың тонна.
«Бүгінгі күні облыста көмірдің орташа бағасы 18 600-20 000 теңге. Теміржол қатынасы жоқ аудандарда жеткізу қашықтығына қарай баға 25 000 — 28 000 теңге шамасында», — дейді мамандар.
Жалпы 2024-2025 жылғы жылыту маусымындағы халықтың көмірді тұтыну қажеттілігі 428,5 мың тоннаны құрайды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен аудан-қала әкімдіктері өңір халқын ауа райының қолайлы кезінде қысқа қажетті көмір қорын түсіріп алуға шақырады.
Нурбол» ЖК |
Бейшеев Нұрбек |
Талдықорған қ. Транспортная к. 2 | 8 (747) 325 1710 | Шұбаркөл | |||
«Мусанов» ЖК | Бауыржан | Талдықорған қ.
Абай к. 372 |
8 (701) 233 9855 | Қаражыра | |||
«Айнабеков» ЖК |
Таир |
Талдықорған қ. Желтоқсан к. 255 | 8 (775) 822 0617 | Қаражыра | |||
«Real Trade 05» ЖШС | Теметаев Қанат Керімбаевич | Талдықорған қ. Медеу к. 3 | 8 (701) 266 0707 | Қаражыра | |||
«Мергиязов» ЖК | Мергиязов Закиржан | Талдықорған қ. Тынышбаева к. 75 | 8 (777) 029 7117 | Шұбаркөл | |||