Шекараны ұлдарымен бірге күзетеді

211

ҚР ҰҚК Шекара қызметі  Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіби дайындық бөлімінде талай сарбаз Отан қорғаушы атанды. Солардың қатарында бір үйдің екі ұлы — Диас пен Мирас Сейфульдиновтер де бар.

Үйдің үлкені Диас «Күз-2023» мерзімді әскери шақырылымының сарбазы. Қазіргі кезде «Достық» шекара бөлімінің «Сарыбөктер» шекара бөлімшесінде фельдшер лауазымында.

Інісі Мирас та Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіби дайындық бөліміне ағасының Ант қабылдаған оқу орталығында Отан алдында серт берді. Қазіргі кезде тағдырын бір жола  шекараға арнауды ойлап жүрген сарбаз алғашқы әскери келісімшарт жасауға құжаттарын дайындауда.

 Диас пен Мирастың шекарашы атануларына жөргек кездерінен таныс болған шекарашылардың өмірі себеп болса керек. Себебі олардың әкелері шекарашы — Асхат Сейфульдинов. ҚР ҰҚК Әскери институтының 1998 жылғы түлегі. Әкери қызметіне ширек ғасырдан асқан офицердің тағдыры шекара соқпақтарынан тұрады. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Байланыс және ақпараттық технологиялар бөлімінде қызмет атқарады. Шекара шебінде әскери өмірін бастап, түрлі лауазымдарды абыроймен атқарған.

                       ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз