Мәжіліс депутаты Жетісу өңірі кәсіпкерлерімен кездесті

249

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  Айтуар Қошмамбетов  Жетісу өңірі кәсіпкерлерімен кездесті.

«Атамекен» ҰКП Жетісу облысы  Кәсіпкерлік палатасының директоры Д.Оңалбаев  өңірге  жұмыс сапарымен келген Respublica партиясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетовті таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Жиынға аймақтық кәсіпкерлік палатасы кеңесі және салалық кеңестердің төрағалары мен мүшелері қатысты.

  Ең алдымен,  Мәжіліс депутаты А.Қошмамбетов  шағын және орта бизнес өкілдерімен Салық кодексі жобасы жөнінде  айтып өтті.

Естеріңізге сала кетсек, депутат Айтуар Қошмамбетов — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. Отандық кәсіпкерлерді қолдау, мемлекеттік сатып алу саласын жақсарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, шағын бизнестің мүддесін қорғайтын халықтық Салық кодексін әзірлеу бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Аймақ кәсіпкерлері де өз кезегінде сұрақтарын қойды. Мәселен, ауылшаруашылығы техникаларын тіркеудегі қиындықтар,  мемлекеттік сатып алу, утилизациялық алымды алып тастау турасында   мәселе көтерді.  Сондай-ақ, жекеменшік  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық мамандарды қаржыландыру әртүрлі екендігіне  тоқталды. Жиында  кәсіпкерлер көтерген мәселелерді  Мәжіліс депутаты  өз назарына алатындығын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз