Жетісу облысы бойынша 3 мыңнан астам неке тіркелді

154

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистика дайындады.

Мемлекеттік корпорация 10 айда 3051 неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 1134 мың жаңа отбасы құрылды.
Неке саны бойынша көш бастап тұрған Талдықорған қаласы, Панфилов, Алакөл аудандары.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Астанада, Қарағандыда, Алматыда және Қостанайда некені салтанатты түрде тіркейді және бұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, баланың тууын салтанатты тіркеуді енгізу жоспарлануда. Қазірдің өзінде туу туралы куәліктерді жеткізу және оларды ата-аналарына тікелей перзентханаларда табыстау бойынша Астананың медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Елордадағы пилоттық жоба сұранысқа ие болған жағдайда, жоба ауқымы кеңейетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке» азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.

“Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз