Ең бастысы – азаматтардың амандығы

136

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі жарияланды. Елімізде орын алып жатқан күрделі жағдайдың, яғни, табиғи апатпен күресу жолдарын, атқарылып жатқан шараларды бөлісіп өтті. Бұл қазіргі кезеңде аса маңызды деп білеміз. Себебі, бұл бір-ақ сәтте үй-жайынан айырылып қалған тұрғындарға үміт шырағы іспетті. Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы, сондай-ақ  Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары, ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Бұл қиындықтар міндетті түрде еңсеріліп, барлығы қалпына келеді деп сенеміз. Ең бастысы  — азаматтардың амандығы.

Мадина Оспан, қала тұрғыны

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз