Бүгінгі  өткен Үкімет отырысында  ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният  Мемлекет басшысының «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру жөніндегі тапсырмасы бойынша қолға алынып жатқан жұмыстар турасында хабарлады.

Министрдің сөзінше, қор қызметінің саласы әлеуметтік және мәдени қызметтің денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік инфрақұрылым, болған жойқын – қирату салдарын қалпына келтіру және қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасын қолдауды қамтиды.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қаражатынан орфандық аурулары бар балаларды емдеуге арналған болжамды шығындардың есебі мен дәрілік заттардың тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді. Балалардың денсаулығын сақтау саласында сирек, яғни орфандық  және ауыр аурулары бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету неғұрлым өзекті болып табылады, — деді ведомствоның жаңа басшысы.

Сонымен қатар ол әлемдегі ешбір ел өте жоғары шығындарды ескере отырып, барлық орфандық ауруларды толық қаржыландырмайтынын ескертті.

Сондықтан қорды құру орфандық аурулармен ауыратын науқастар үшін қымбат тұратын медициналық қызметтер мен дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыс жалғасуда, — деді Ажар Ғиният.

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK