Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына № 1 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат ТҰРСЫНБАЙ ҒАБИТ ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

2

                                              САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына № 1 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат ТҰРСЫНБАЙ ҒАБИТ ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

                                               ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 Қаламыздың орнықты дамуы – адамдардың өзара түсіністігі мен ортақ мақсатқа бірігуінен басталады. Қырық жылға жуық мемлекеттік қызметте жүріп, әрбір шешімнің артында нақты адамның тағдыры тұратынын жақсы білемін.

Ақжар, Ащысай, Бесағаш, Ж. Жақыпбаев, Жерұйық көшелері мен «Красный камень», «Шайқорған» бағбандар кооперативтерінің тұрғындары көтерген мәселелерді назардан тыс қалдырмаймын.

Мемлекеттік органдардың жұмысы ашық болып, тұрғындармен сындарлы диалог арқылы жүргізілуі тиіс деп санаймын. Әрбір өтініш уақтылы қаралып, жауап алуы қажет.

Бірлесе отырып, тату, тәртіпті және жайлы Талдықорғанды қалыптастыра аламыз!

 МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

 Келісім мен ашықтық. Тұрғындар арасындағы өзара түсіністік, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен жауапкершілікті қамтамасыз ету – менің басты ұстанымдарым.

Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізге әрдайым ашықпын. Әр тұрғынды тыңдауға, көтерілген мәселелерді зерделеуге және олардың шешілуіне ықпал етуге дайынмын.

 Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

                                                Құрметті сайлаушылар!

Менің еңбек жолым мемлекеттік басқару, қоғамдық-саяси қызмет және қоғамдық келісімді нығайту бағыттарын қамтиды. Қырық жылдан астам уақыт ішінде жинақтаған тәжірибемді мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға және қоғам мүддесіне қызмет етуге арнап келемін.

     Мен, Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы, қазіргі уақытта Жетісу облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі қызметін атқарамын. Еңбек жолымда мемлекеттік басқару, қоғамдық-саяси сала және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне қатысты бағыттарда еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтадым.

     Көпжылдық тәжірибем мемлекеттік қызметтегі әдеп, жауапкершілік, ашықтық және азаматтардың мүддесіне адал қызмет ету қағидаттарын басшылыққа алуыма негіз болды.

     Сайлауалды бағдарламам «ӘДІЛЕТ» партиясының құндылықтарына негізделген. Негізгі басымдықтарым – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, тұрғындардың өтініштерін уақтылы әрі нәтижелі қарау, қоғамдық келісімді нығайту және жергілікті басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету.

     Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындарды толғандырған мәселелерді көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға және халық алдында есеп беруге басымдық беремін.

Мен үшін басты мақсат – жинақтаған тәжірибемді ел игілігіне жұмсап, Талдықорғанда қоғамдық келісім мен өзара сыйластық орныққан, заң мен тәртіп сақталған, әрбір тұрғынның пікірі ескерілетін жайлы қала қалыптастыруға үлес қосу.

Құрметпен, Ғабит Тұрсынбай

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Ә. Әлімжанов, Балдырған, Жылысай, Ойсаз, Толғанбай ақын көшелерін жол жөндеу кезегіне енгіземін. «Красный камень» кооперативінен қала орталығына қатынайтын автобустың жиілігін арттыру мәселесін көтеремін.

  1. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

     «Қызыл тас» кооперативіне 45,8 км, ал «Қаратал» кооперативіне 10 км газ желісін тарту жұмыстарының орындалуын бақылауға аламын. Ақжар, Ащысай, Бесағаш, Жерұйық және Көктұма көшелерін көше жарығымен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргіземін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Талдықорғанға көзделген 48 микрокредиттің бағбандар кооперативтерінің тұрғындарына да жетуіне ықпал етемін. Үй жанынан жылыжай, шағын цех ашқысы келетіндерге құжат дайындауда көмектесемін.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Учхоз бен «Агропромышленник» саяжайларындағы бау-бақша иелеріне суармалы су беру кестесін тұрақтандыруды талап етемін. Көктем мезгілінде арықтардың уақтылы тазартылуын бақылаймын.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

     Кооператив тұрғындары өндірген өнімді қалалық жәрмеңкелерде өткізуге мүмкіндік жасауға және олардың өнімдерін сатуды қолдауға күш саламын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Облыс бойынша телемедицина үлесі 35%-дан 50%-ға өсетінін ескеріп, емханадан алыс тұратын саяжай тұрғындарына онлайн кеңес алу мүмкіндігін кеңейтуді талап етемін. Көшпелі медициналық бригаданың округке жылына кемінде 2 рет келуін ұйымдастырамын.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ЖАҒДАЙ

Кооперативтерде тұратын оқушыларды мектепке тасымалдайтын автобус қатынауын ұйымдастыру мәселесін көтеремін. К. Тоқаев, Қасабай батыр, Орақты Батыр көшелеріндегі балалар алаңдарын жаңартуды ұсынамын.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

«Қызылтас», «Шайқорған», «Қаратал» кооперативтерінің тұрғындарына үй мен жерді заңдастыру, мекенжай алу бойынша тегін заң кеңесін ұйымдастырамын. Тіркеусіз тұрған отбасылардың әлеуметтік көмектен тыс қалмауын қадағалаймын.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Мұстафа Өзтүрік, Ш. Айманов, Ж. Кудерин, Г. Халитов көшелерінде ұялы байланыс сапасын өлшеп, операторларға жаңа мұнара орнату мәселесін бақылауда ұстаймын. Бағбандар кооперативтерінде тұрақты интернетке қосылу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етемін.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

Кооперативтер аумағындағы қоқыс үйінділерін жоюды және тұрақты қоқыс жәшіктерін орнатуды талап етемін. Подобедов, С. Сыдықов, С. Абубакиров көшелерінде көгалдандыру сенбіліктерін тұрғындармен бірге өткіземін.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!

Тапсырыс беруші: Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз