ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы «Жетісу Медиа» алаңында әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша брифинг өтті.
Кездесуде әскери қызметке шақыру тәртібі мен қызмет өткеру талаптары түсіндіріліп, журналистердің сұрақтарына ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы, подполковник Нұрсұлтан Нұрпейсов және кадр бөлімінің консультанты, подполковник Әсет Базарбеков жауап берді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























