- «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында көрініс
Ақсу ауданында Отбасы күніне орай «Отбасымыз – тірегіміз» тақырыбында көпбалалы, «Күміс алқа» иегері Ажигуловтар отбасымен әңгіме-сұхбат өткізілді.
Сұхбат барысында отбасы мүшелері жанұядағы қызықты сәттерімен бөлісіп, берік отбасылық ұстанымдары, салт-дәстүрді дәріптеуі және отбасы құндылықтары туралы ойларын ортаға салды. Татулық пен сыйластықты берік ұстанған отбасының өнегелі өмір жолы көпшілікке үлгі болды.
Әулеттің үлкені Шолпан апа ақ батасын берді.
Іс-шара барысында отбасы – адамға жылу мен қолдау сыйлайтын, қуаныш пен қиындықты бірге бөлісетін ең қымбат құндылық екені атап өтілді. Өнегелі отбасылардың өмірлік тәжірибесі жас ұрпаққа үлгі болып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қастерлі құндылық.
Балаға берілетін алғашқы тәрбие мен өнеге отбасынан басталады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, мейірімділік, жауапкершілік, сыйластық пен татулық – отбасы берекесін арттыратын басты құндылықтар.
Қапал ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері әзірлеген «Отбасы құндылығы – ұлт құндылығы» атты бейнероликте отбасының қоғамдағы маңызы, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық, сондай-ақ ұлттық тәрбиенің жас ұрпақты қалыптастырудағы рөлі көрініс тапқан.
Берік отбасы – берекелі қоғамның негізі, ал тәрбиелі ұрпақ – ұлттың жарқын болашағы.
Отбасы күнін мерекелеу
Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Отбасы күнін мерекелеу – отбасын қоғамның іргелі негізі ретінде нығайтуға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, отбасылық құндылықтарды қолдауға және әрбір отбасының әл-ауқаты үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.
«Баланы ересектер арасындағы мәселелерге араластырмау керек» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
9 қыркүйек күні Ескелді ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен «Саналы ата-ана болу» концепциясы аясында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Баланы ересектер арасындағы мәселелерге араластырмау керек» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Саналы ата-ана болу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Отбасы күніне арналған апталық аясында Бастөбе ауылдық округінде «Саналы ата-ана болу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру.
Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, жасөспірімдермен дұрыс қарым-қатынас орнату, отбасындағы қолдау мен түсіністіктің маңыздылығы туралы пікір алмасу жүргізілді.
Отбасы күніне арналған апталық аясындағы мұндай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және жастарды отбасылық өмірге саналы түрде дайындауға бағытталған.
«Саналы ата-ана болу» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді.
Отбасы күніне орай 2026 жылғы 9 қыркүйек күні сағат 10:00-де Бастөбе ауылдық округінің М. Горький атындағы орта мектебінде «Саналы ата-ана болу» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді.
Ата-аналар мен жоғары сынып оқушылар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту, саналы ата-ана болудың маңыздылығын түсіндіру және отбасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар саналы ата-ана болу – баланың физикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар, оның эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу, тыңдау, түсіну және қолдау көрсету екенін түсінді.
Кездесу ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталды.
Кербұлақ аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру мекемелері бойынша Отбасы күніне арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар
Отбасы күніне орай ауданның жалпы білім беру ұйымдарында «Отбасы – бақыт мекені», «Отбасы бізден басталады», «Отбасылық құндылықтар», «Отбасылық мұрағат – менің отбасымның тарихы» тақырыптарында тәрбиелік, танымдық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінде 5-сынып оқушылары арасында «Отбасылық мұрағат – менің отбасымның тарихы» тақырыбында танымдық іс-шара өткізіліп, оқушылар отбасылық жәдігерлер, ескі фотосуреттер мен ата-әжелерінен қалған мұралар туралы таныстырылым жасады.
Райымбек батыр атындағы орта мектеп» КММ-де 7–11 сынып оқушыларының қатысуымен «7 күн – 7 пайдалы дағды» тақырыбында танымдық әңгіме өткізіліп, «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында тәрбиелік фильм көрсетілді. Іс-шара барысында отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі, жауапкершілік, мейірімділік және ата-анаға құрмет мәселелері талқыланды.
П.Дутов орта мектебінде «Отбасы – бізден басталады» тақырыбында Отбасы апталығының ашылуы ұйымдастырылып, 1–11 сынып оқушылары қамтылды. Сонымен қатар 2–3 сыныптарда «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Қосағаш орта мектебінде «Отбасы – бізден басталады» тақырыбында отбасы апталығының ашылуы өткізіліп, 1–11 сынып оқушылары толық қамтылды. Оқушыларға отбасы құндылықтары, ұлттық дәстүрлер және ата-анаға құрмет туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 5-сынып оқушылары арасында мақал-мәтел сайысы, 6–7 сыныптарда «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Алтынемел орта мектебінде «Бақытты отбасы» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Оқушылар отбасылық мерекелер, бірге өткізген уақыт, ұлттық дәстүрлер мен отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты бейнелейтін фотосуреттерін ұсынды.
Нұрым орта мектебінде «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп, «Менің отбасым – менің мақтанышым», «Отбасымның алтын қазынасы» тақырыптарында әңгіме, сұхбат және шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ауылдың өнегелі отбасылары туралы тағылымды кездесулер өткізіліп, үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен отбасылық құндылықтары насихатталды.
Панфилов атындағы орта мектепте «Отбасы бізден басталады» тақырыбында отбасы апталығының ашылуы өткізіліп, оқушылардың отбасылық суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Оқушылар өз отбасылары туралы әңгімелеп, отбасының қоғамдағы рөлі мен ұлттық тәрбиенің маңызы жөнінде ой бөлісті. Сондай-ақ Панфилов атындағы орта мектепте «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» тақырыбында іс-шара өткізіліп, оқушылар өз отбасыларының көне фотосуреттері мен жәдігерлерінің тарихын таныстырды. Отбасылық мұраларды насихаттау мақсатында шағын бейнероликтер әзірленді.
Қарашоқы орта мектебінде Отбасы апталығының ашылуы өткізіліп, 5–10 сынып оқушылары «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» тақырыбында отбасыларының ескі фотосуреттерін, құжаттары мен жәдігерлерін таныстырды. Оқушылар ата-бабаларының өмір жолы туралы мәліметтермен бөлісті.
Күреңбел қазақ орта мектебінде «Отбасы құндылықтары» тақырыбында мектеп психологы И. Жаулинаның қатысуымен тренинг өткізілді. Тренинг барысында сүйіспеншілік, құрмет, сенім, бірлік және өзара қолдау құндылықтары талқыланды. Іс-шараға 16 ата-ана қатысты.
Тастыөзек орта мектебінде оқушылардың қатысуымен отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған бейнероликтер әзірленді. 2-сынып оқушылары «Менің отбасым» тақырыбында, 4-сынып оқушылары ата-аналарына арналған жылы лебіздерімен, 6-сынып оқушылары Отбасы күніне арналған құттықтау тілектерімен бөлісті. Жоғары сынып оқушылары арасында «Отбасы – береке бастауы» челленджі ұйымдастырылды.
«Сарыбұлақ орта мектебі МДШО» бойынша «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Отбасы апталығы ұйымдастырылып, «Телефонсыз кеш», «Отбасылық мұрағат» бағыттарында іс-шаралар өткізілді. Жұмыстар отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізуін, өзара қарым-қатынасты нығайтуды және отбасылық дәстүрлерді дәріптеуді көздеді.
Жалпы, 08 қыркүйек күні аудан мектептерінде өткізілген іс-шаралар оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыруға, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға, отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталды.
«Саналы ата-ана болу» тақырыбында кездесу өткізілді
2026 жылдың 9 қыркүйек күні отбасы құндылықтарын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында М.Маметова атындағы орта мектепте «Саналы ата-ана болу» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасындағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызы, балалармен дұрыс қарым-қатынас орнату және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кездесу барысында мектеп психологі Д. Бектұрғанова және тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Н. Жастаев сөз сөйлеп, ата-аналарға бала тәрбиесінде мейірім, түсіністік пен жауапкершіліктің маңыздылығы жөнінде ой бөлісті. Саналы ата-ана болу – баланы тек тәрбиелеу емес, оны тыңдау, түсіну, қолдау және дұрыс бағыт көрсету. Отбасындағы мейірім мен жауапкершілік – баланың жарқын болашағының берік негізі
«Балаға үлгі бол – саналы ата-ана бол» тақырыбында ата-аналар арасында тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізілді.
М.Төлебаев атындағы орта мектебінде «Балаға үлгі бол – саналы ата-ана бол» тақырыбында ата-аналар арасында тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру, сондай-ақ баланың дұрыс бағытта дамуына ата-ананың үлгісі маңызды екенін түсіндіру.
Кездесу барысында бала тәрбиесінде ата-ананың күнделікті іс-әрекеті мен мінез-құлқының маңызы туралы айтылды. Бала ең алдымен ата-анасынан үлгі алатындықтан, үлкендердің сөйлеген сөзіне, қарым-қатынасына, әдеттері мен әрекеттеріне мән беру қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, ата-аналарға баламен ашық сөйлесу, оның пікірін тыңдау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жетістіктерін қолдау және қиын жағдайда оған түсіністікпен қарау жөнінде кеңестер берілді. Отбасындағы жылы қарым-қатынас пен ата-ананың дұрыс тәрбиесі баланың болашақта саналы, жауапты әрі тәрбиелі азамат болып қалыптасуына ықпал ететіні атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушылар бала тәрбиесінде «Балаға ақыл айтудан бұрын, өзің үлгі бол» қағидасын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, өзара пікір алмасты. Ата-аналарға бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, отбасылық құндылықтарды нығайтуға шақырылды.
Пікірталас және рөлдік ойындар форматында кездесу ұйымдастырылды
Отбасы күні аясында бала тәрбиесі және отбасылық қарым-қатынасты жақсарту мақсатында, ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері мен ауылымыздың әжелерінің қатысуымен пікірталас және рөлдік ойындар форматында кездесу ұйымдастырылды. Атап айтқанда: «Баланы айқайсыз және кемсітусіз қалай тәрбиелеуге болады?». Мақсаты: Ата-аналарға баланың сезімін түсінуді және агрессиясыз, позитивті тәртіп әдістерін қолдануды үйрету. «Жасөспіріммен сізді тыңдайтындай қалай сөйлесуге болады?». Мақсаты: Жасөспірім шақтағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін түсіну және олармен сенімді диалог құру. «Бала ересектер арасындағы жанжалдың ортасында қалмауы керек». Мақсаты: Ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктерден баланы қорғау және отбасындағы қауіпсіздік сезімін сақтау.
«Әке мен бала» тақырыбында әкелердің бала тәрбиесіне белсенді қатысуын насихаттайтын қысқа бейнеролик
2026 жылғы 09 қыркүйек күні Көксу ауданында отбасылық құндылықтарды насихаттау, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру мақсатында «Әке мен бала: әкенің бала тәрбиесіне белсенді араласуы, қамқорлығы және қатысуы» тақырыбында бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желіде ұсынылды.
Бейнероликке М.Құрманов атындағы орта мектептің оқушысы әкесімен бірге қатысты. Бейнероликте әке мен баланың бірге құс ұясын жасап, бірлесіп еңбек етіп жатқан жылы сәті көрсетілді.
Бейнеролик арқылы әкенің бала тәрбиесіне белсенді араласуының, балаға көңіл бөліп, бірге уақыт өткізудің маңыздылығы көрсетілді. Сонымен қатар, баланы еңбекқорлыққа, табиғатқа қамқорлық жасауға, жауапкершілік пен мейірімділікке тәрбиелеудегі отбасының рөлі насихатталды.
«Саналы ата-ана болу» кездесу
2026 жылғы 09 қыркүйек күні Көксу ауданы Мәдениет үйінің коворкинг залында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен қолдауды нығайту мақсатында «Саналы ата-ана болу» тақырыбында тағылымды кездесу өткізілді.
Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, жасөспірімдермен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың пікірін тыңдау, түсіну және қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, сұрақ-жауап форматында өзара ой бөлісті.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, отбасыдағы өзара сыйластық, түсіністік пен қолдаудың маңыздылығы жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Кездесуге ата-аналар, мектеп оқушылары және аудан жастары қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 50 адам.
Саналы тәрбие – саналы ұрпақтың негізі!
«Әке мен бала: әкенің бала тәрбиесіне араласуы, қамқорлығы және қатысуы»
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ-де отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында 2026 жылғы 9 қыркүйекте «Әке мен бала: әкенің бала тәрбиесіне араласуы, қамқорлығы және қатысуы» тақырыбында үлгілі отбасылармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге мектеп ата-аналары және үлгілі отбасы ретінде Шойбеков Берік пен Шойбекова Айгүл қатысты. Қонақтар өздерінің отбасылық тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны туралы тағылымды әңгіме өрбітті.
Іс-шара барысында әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі, балаға уақыт бөлу, қамқорлық көрсету, қолдау білдіру, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызы кеңінен сөз болды. Қонақтар өз өмірлік тәжірибелерін ортаға салып, жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын бағалаудың, ата-ананы құрметтеудің және бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын жеткізді.
Әке – отбасының тірегі, балаға бағыт-бағдар беретін тұлға. Әкенің тәрбиесі мен өнегесі – баланың болашағына салынған маңызды негіз. Бала үшін әкенің назары, қолдауы мен жылы сөзі оның тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Тағылымды жүздесу барысында отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылық екені, ал оның беріктігі әр отбасы мүшесінің сүйіспеншілігіне, жауапкершілігіне және өзара құрметіне байланысты екені атап өтілді.
Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер отбасылық құндылықтарды насихаттап, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға, әкенің бала тәрбиесіне белсенді араласуына және жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында кездесу
Отбасы күні аясында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Кербұлақ аудандық кітапханасында 30 жастың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты – отбасындағы өзара сыйластық, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, балаға көңіл бөлу мен қолдау көрсету, үлкенді құрметтеу және кішіге қамқор болу мәселелері кеңінен айтылды.
«Мен және менің отбасымның тарихы» фото көрме
2026 жылғы 8 қыркүйек күні Ақсу ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау және отбасы тарихына деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Мен және менің отбасымның тарихы» атты фото көрме ұйымдастырылды.
Фото көрмеге қатысушылар өз отбасыларының тарихын, ата-әжелерінен қалған естеліктерді, отбасылық дәстүрлерді және әр жылдардағы маңызды сәттерді бейнелейтін фотосуреттерін ұсынды. Әрбір фотосуретте отбасының өткені мен бүгіні, жақын жандар арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілік көрініс тапты.
Іс-шара барысында отбасы тарихын сақтау, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, ұлттық салт-дәстүрлерді кейінгі ұрпаққа жеткізу туралы пікірлер айтылды. Көрме қатысушыларға өз әулетінің тарихына үңіліп, отбасылық құндылықтардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.
«Мен және менің отбасымның тарихы» фото көрмесі – отбасы мүшелерін біріктіретін, өткенді ұмытпай, өнегелі тарихты ұрпаққа жеткізуге бағытталған тағылымды іс-шара болды.
«Отбасы бізден басталады» атты апталықтың ашылуы
2026 жылғы 8 қыркүйек күні Ақсу ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты нығайту және қоғамдағы отбасы институтының маңызын арттыру мақсатында «Отбасы бізден басталады» атты Отбасы апталығының ашылу іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында отбасының адам өміріндегі орны, отбасылық тәрбие, ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет және жақын жандарға қамқорлық көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ашылу барысында отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған танымдық ақпараттар ұсынылып, қатысушылар арасында жылы пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар отбасылық дәстүрлерді сақтау, ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне енгізу және ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту жөнінде ойлар ортаға салынды.
«Отбасы бізден басталады» атты апталық аясында алдағы күндері отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты арттыруға бағытталған түрлі мәдени, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өткізіледі.
«Отбасы бізден басталады» атты апталықтың ашылуы
8 қыркүйек 2026 жылы Ақсу ауданында Отбасы күніне арналған апталықтың ашылуына орай «Отбасы бізден басталады» атты танымдық-мәдени іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасының қоғамдағы рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты қалыптастыру және жас ұрпаққа отбасы жауапкершілігінің маңызын түсіндіру.
Шара барысында отбасының адам өміріндегі орны туралы мазмұнды әңгіме қозғалып, қатысушыларға отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрметі, сенімі, қолдауы мен қамқорлығы берік шаңырақтың негізі екені айтылды.
«Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы»
Ақсу ауданында Отбасы апталығы аясында «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, отбасы тарихын сақтау және жас ұрпақтың өз әулетінің шежіресіне деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында қатысушылар өз отбасыларының тарихын таныстырып, отбасылық фотосуреттер, ескі суреттер, ата-әжелерден қалған естелік заттар, марапаттар мен құжаттар арқылы әулеттің өткені мен бүгінін баяндады. Әрбір жәдігердің артында отбасы мүшелері үшін маңызды оқиға мен ерекше естелік жатқаны айтылды.
Қатысушылар өздерінің ата-аналары, ата-әжелері және туған-туыстары туралы естеліктерімен бөлісіп, отбасында сақталған салт-дәстүрлер мен құндылықтар жайында әңгімеледі. Сонымен қатар отбасы тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізудің, үлкендердің өмір жолын білу мен олардың өнегесін құрметтеудің маңызы атап өтілді.
«Ұрпақтар диалогы» атты тағылымды кездесу
Ақсу ауданында Отбасы апталығы аясында өскелең ұрпақ пен аға буын өкілдерінің арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған «Ұрпақтар диалогы» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әр буын арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, үлкендердің өмірлік тәжірибесін жастарға насихаттау және отбасылық әрі ұлттық құндылықтардың сабақтастығын қамтамасыз ету.
Кездесу барысында аға буын өкілдері өздерінің өмір жолы, еңбек тәжірибесі, отбасылық тәрбие мен өмірлік ұстанымдары туралы әңгімелерімен бөлісті. Жастар тарапынан үлкендердің ақыл-кеңестеріне қызығушылық танытып, қазіргі қоғамдағы отбасы, тәрбие, білім, мамандық таңдау және болашаққа деген жауапкершілік туралы сұрақтар қойылды.
«Әке + бала: бірге өткізген 60 минут»
Ақсу ауданында Отбасы апталығы аясында әкелер мен балалардың арасындағы өзара байланысты нығайтуға арналған «Әке + бала: бірге өткізген 60 минут» атты тәрбиелік-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, әке мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру және отбасымен бірге сапалы уақыт өткізудің маңызын насихаттау.
Бір сағатқа жоспарланған шара барысында әкелер мен балалар түрлі қызықты тапсырмалар мен бірлескен ойындарға қатысып, өзара пікір алмасты. Қатысушылар бір команда ретінде әрекет етіп, тапқырлықты, ұйымшылдықты және бір-бірін қолдауды талап ететін тапсырмаларды орындады.
«Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы»тақырыбында шағын сурет көрмесі
Ақсу ауданында Отбасы апталығы аясында «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» тақырыбында шағын сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге отбасының өткені мен бүгінін бейнелейтін отбасылық фотосуреттер, ата-әже, ата-ана және балалардың бірге түскен естелік суреттері ұсынылды. Әрбір фотосурет арқылы отбасының тарихы, отбасылық дәстүрлері мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық көрініс тапты.
Көрменің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасылық естеліктерді сақтау және жас ұрпақтың өз әулетінің тарихына деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында қатысушылар фотосуреттердегі ерекше сәттермен бөлісіп, өз отбасылары үшін маңызды естеліктер мен дәстүрлер туралы әңгімеледі.
Шағын көрме арқылы отбасы тарихының әрбір суретте сақталғаны, ал отбасылық естеліктердің ұрпақтан ұрпаққа жететін баға жетпес мұра екені көрсетілді.
«Отбасы бізден басталады» атты челлендж
Отбасы апталығы аясында Ақсу ауданында «Отбасы бізден басталады» атты челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты насихаттау, сондай-ақ әр отбасының өзіндік дәстүрі мен ерекше сәттерін көпшілікке көрсету.
Челленджге қатысушылар отбасы мүшелерімен бірге уақыт өткізіп, өзара қолдау мен бірлікті көрсететін жылы сәттерімен бөлісті. Әр отбасы өз шаңырағының басты құндылығын таныстырып, «Бақытты отбасы – берекелі қоғамның бастауы» деген ойды жеткізді.
Отбасы – мейірімнің, тәрбиенің, сүйіспеншілік пен қолдаудың мекені. Ал отбасының берекесі мен жылуы әрқайсымыздан басталады.
Балаға айқайламай қалай тәрбие беруге болады?» тақырыбында тәрбиелік кездесу
Ақсу ауданында Отбасы апталығы аясында ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру және отбасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында «Балаға айқайламай қалай тәрбие беруге болады?» тақырыбында тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында бала тәрбиесінде жиі кездесетін қиындықтар, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктер және эмоцияны дұрыс басқару мәселелері қозғалды. Қатысушыларға баланың мінез-құлқына бірден ашумен жауап бермей, оның әрекетінің себебін түсінуге тырысудың маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу барысында «Айқайлау – тәрбие құралы ма?», «Бала қателескен кезде қалай дұрыс сөйлесу керек?», «Тыйым салудың орнына баламен қалай келісуге болады?» деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасу жүргізілді.
Сонымен қатар ата-аналарға баламен сөйлесудің тиімді тәсілдері ұсынылып, қиын жағдайда сабыр сақтаудың, баланы тыңдай білудің, оның сезімін ескерудің және дұрыс шекара қалыптастырудың маңызы айтылды.
«Кітап оқитын ұлт – кітап оқитын әулет» кітап оқу дәстүрін қалыптастыру шарасы
Ақсу ауданында Отбасы апталығы аясында отбасы мүшелерінің бірге кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт – кітап оқитын әулет» атты кітап оқу дәстүрін қалыптастыру шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – кітап оқуды отбасылық дәстүрге айналдыру, ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізу мәдениетін дамыту, көркем әдебиет арқылы баланың ой-өрісін кеңейту және рухани құндылықтарды насихаттау.
Іс-шара барысында қатысушылар отбасы мүшелерімен бірге кітап оқудың маңызы туралы пікір алмасты. Әр отбасы өзіне ұнайтын шығармаларымен таныстырып, сүйікті кітаптары мен авторлары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар балалар өздері оқыған шығармалардан алған әсерлерімен бөлісіп, кітап кейіпкерлері мен оқиғалары туралы ойларын ортаға салды.
«Отбасы – құндылықтары» тақырыбында тағылымды Кездесу
Талдықорған қаласы, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде «Отбасы – құндылықтары» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттау. Сонымен қатар оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыруға ерекше мән берілді.
Кездесуге қаламыздың ақсақалы, елге сыйлы ардагері Балқыбеков Серікбек арнайы шақырылып, оқушылармен жүрекжарды әңгіме жүргізді. Өмірден көргені мен түйгенін бөліскен қария отбасының адам өміріндегі орны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, ұрпақтар сабақтастығы және отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластық туралы тағылымды ойларын ортаға салды.
Серікбек ақсақал өз сөзінде үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, ата-ананы қадірлеу, отбасындағы татулық пен бірлікті сақтау әр адамның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Оқушылар қарияға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, отбасы тәрбиесі мен өмірлік тәжірибеге қатысты құнды кеңестер алды.
Іс-шараға мектеп оқушылары, педагогтер және ата-аналар қатысып, отбасы құндылықтарының қазіргі қоғамдағы маңызы кеңінен талқыланды. Кездесу барысында отбасы тек адамның өмір сүретін ортасы ғана емес, мейірімділік, сүйіспеншілік, сыйластық пен тәрбиенің бастауы екені атап өтілді.
«Отбасы құндылықтары» тақырыбында эссе байқауы
Отбасы күніне арналған іс-шаралар аясында оқушылар арасында «Отбасы құндылықтары» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақ арасында отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, ата-анаға деген құрметті арттыру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеті мен өз ойын сауатты жеткізу дағдыларын дамыту.
Байқауға қатысқан оқушылар өз шығармаларында отбасының қадірі, ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны, ата-әжеге құрмет, отбасындағы салт-дәстүрлер, өзара сыйластық, мейірімділік, татулық пен береке-бірліктің маңызы туралы ойларын жазбаша түрде жеткізді. Эссе жазу барысында оқушылар өз отбасындағы дәстүрлер мен құндылықтарды мысалға алып, отбасы мүшелерінің бір-біріне көрсететін қамқорлығы мен қолдауы туралы өз көзқарастарын білдірді. Кейбір шығармаларда бақытты отбасының негізі ретінде сенім, түсіністік, сүйіспеншілік және жауапкершілік ұғымдары ерекше атап өтілді.
Шара барысында оқушылардың шығармашылық ізденісі мен өзіндік ой-пікірі бағаланып, үздік жұмыстар анықталды.
«Менің отбасым – менің бақытым», «Отбасы – жылулық мекені» сурет байқаулары
Отбасы апталығы аясында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, отбасы құндылықтарын дәріптеу және балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Менің отбасым – менің бақытым» және «Отбасы – жылулық мекені» тақырыптарында сурет байқаулары ұйымдастырылды.
Байқауға қатысқан балалар өз суреттерінде отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігі мен құрметін, жанұядағы қуанышты сәттерді, бірге өткізген уақыттарын, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты бейнеледі. Балалардың шығармашылық жұмыстарынан отбасының бала өміріндегі ерекше орны, шаңырақтағы мейірім мен қамқорлық, татулық пен өзара түсіністік айқын көрініс тапты. Әрбір туынды баланың отбасы туралы өзіндік көзқарасы мен жүрекжарды сезімін жеткізді.
«Азамат тәрбиелеген отбасы» атты тағылымды кездесу
Отбасы апталығы аясында отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін айқындау, ата-ананың жауапкершілігін арттыру және қоғамға пайдалы, саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызын насихаттау мақсатында «Азамат тәрбиелеген отбасы» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында отбасындағы тәрбиенің баланың тұлға болып қалыптасуына әсері, ата-ананың жеке үлгісі, еңбекке баулу, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу және елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Кездесуге қатысқан ата-аналар бала тәрбиесінде мейірімділік пен талаптың, еркіндік пен жауапкершіліктің, ұлттық тәрбие мен заманауи көзқарастың үйлесімді болуы маңызды екенін атап өтті.
Шара барысында отбасындағы күнделікті қарапайым әрекеттердің өзі балаға үлкен тәрбие беретіні айтылды. Ата-ананың еңбекке деген көзқарасы, адамдармен қарым-қатынасы, қоғамдық ортадағы мәдениеті мен жауапкершілігі – бала үшін маңызды үлгі.
«Салауатты қарым-қатынас: қызыл және жасыл белгілер» танымдық сабақ
Отбасы апталығы аясында жастардың өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сыйластық пен жеке шекара ұғымдарын түсіндіру мақсатында «Салауатты қарым-қатынас: қызыл және жасыл белгілер» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында қатысушыларға салауатты қарым-қатынастың негізгі белгілері түсіндіріліп, өзара құрмет, сенім, ашық сөйлесу, бір-бірінің пікірін тыңдау, жеке шекараны сақтау және қиын жағдайда қолдау көрсету сияқты маңызды қағидалар талқыланды. Сонымен қатар қарым-қатынаста назар аударуды қажет ететін «қызыл белгілер» туралы түсінік берілді. Атап айтқанда, басқа адамның пікірін елемеу, үнемі кінәлау, қорқыту, кемсіту, бақылауға тырысу және жеке шекараны бұзу сияқты әрекеттердің дұрыс қарым-қатынасқа жатпайтыны айтылды.
Тақырыпты бекіту мақсатында қатысушыларға түрлі өмірлік жағдаяттар ұсынылып, олардың қайсысы «жасыл белгі», яғни жағымды қарым-қатынас үлгісі, ал қайсысы «қызыл белгі» екенін анықтау тапсырылды. Жастар өз пікірлерін білдіріп, әр жағдайдың шешу жолдарын бірге талқылады.
«Қаһарман тәрбиелеген ана, әке» атты тағылымды кездесу
Отбасы апталығы аясында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін насихаттау, елге қызмет еткен азаматтардың өмір жолын үлгі ету және жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру мақсатында «Қаһарман тәрбиелеген ана, әке» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігіне үлес қосқан, қиын сәттерде батылдық пен жауапкершілік танытқан азаматтардың қалыптасуында отбасы тәрбиесінің алатын орны туралы сөз қозғалды
Кездесуде ата-ананың бала бойына батылдық, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, үлкенді құрметтеу және елге деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді сіңірудегі еңбегі атап өтілді.
Шара барысында ана мен әкенің балаға көрсеткен тәрбиесі мен жеке үлгісі туралы ойлар ортаға салынып, «Қаһармандық отбасындағы тәрбиеден бастала ма?», «Балаға Отанды сүюді қалай үйретеміз?», «Ата-ананың өнегесі баланың өмір жолына қалай әсер етеді?» деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасу жүргізілді.
Қатысушылар үшін отбасының балаға рухани тірек болатыны, ал ата-ананың әрбір сөзі мен ісі баланың мінез-құлқы мен дүниетанымының қалыптасуына ықпал ететіні айтылды.
«Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» атты танымдық іс-шара
Отбасы апталығы аясында отбасы тарихын дәріптеу, өткен ұрпақтың өнегесін кейінгі буынға жеткізу және отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар өз әулетінде сақталған ескі фотосуреттер, отбасылық құжаттар, марапаттар, хаттар және түрлі естелік бұйымдар арқылы отбасы тарихымен бөлісті. Әрбір жәдігердің шығу тарихы айтылып, оның отбасы үшін маңызы түсіндірілді.
Қатысушылар ата-әжелерінің өмір жолы, ата-аналарының еңбек және қоғамдық қызметі, отбасында қалыптасқан дәстүрлер мен айтулы оқиғалар туралы естеліктерін ортаға салды. Сонымен қатар отбасы шежіресін білу арқылы жас ұрпақтың өз тегіне, тарихына және туған жеріне деген құрметін арттырудың маңызы атап өтілді.
Шара барысында «Менің әулетімнің асыл мұрасы», «Отбасымнан қалған өнеге», «Біздің шаңырақтың дәстүрі» тақырыптарында пікір алмасу ұйымдастырылды. Балалар мен жастар өз отбасындағы ерекше дәстүрлер туралы айтып, үлкендерден естіген естеліктерімен бөлісті.
Іс-шараның басты құндылығы – отбасылық мұрағаттың тек өткенді сақтайтын жинақ емес, ұрпақты ұрпақпен байланыстыратын рухани қазына екендігін көрсету болды.
«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбиелік іс-шара
Отбасы апталығы аясында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында отбасының адам өміріндегі маңызы, жанұядағы сүйіспеншілік, қамқорлық, өзара қолдау және жауапкершілік туралы кеңінен сөз қозғалды. Қатысушылар отбасындағы жағымды қарым-қатынасты қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, береке-бірліктің негізі – өзара сыйластық пен түсіністікте екенін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға отбасы мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетуі, баланың тәрбиесінде ата-ананың үлгісі, отбасылық дәстүрлерді сақтау және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру жөнінде пайдалы кеңестер берілді. Сонымен қатар, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, «Мен үшін отбасы деген не?», «Бақытты отбасының негізі қандай?», «Отбасылық дәстүрлерді қалай сақтаймыз?» тақырыптарында пікір алмасты.
Шара барысында түрлі қызықты сұрақ-жауаптар мен танымдық тапсырмалар ұйымдастырылып, отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізуінің, бір-бірін тыңдап, қолдауының маңыздылығы көрсетілді.
«Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» тақырыбында танымдық іс-шара
Отбасы апталығы аясында өскелең ұрпаққа отбасы тарихын таныстыру, ата-баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Шара барысында қатысушылар өз отбасыларының шежіресі, ата-бабаларының өмір жолы, отбасында қалыптасқан салт-дәстүрлер мен құндылықтар туралы әңгімелеп, отбасылық тарихтың маңызды сәттерімен бөлісті. Әр отбасының өзіндік тарихы мен тағдыры бар екені, сол тарихты сақтау – кейінгі ұрпақ алдындағы маңызды міндет екені атап өтілді.
Іс-шараға қатысушылар отбасы мұрағатында сақталған ескі фотосуреттер, хаттар, марапаттар, құжаттар, отбасылық жәдігерлер және естелік бұйымдар арқылы өз әулетінің өткеніне шолу жасады. Әсіресе ата-әжелердің, ата-аналардың өмір жолы мен өнегелі істері туралы естеліктерге ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында «Менің әулетімнің тарихы», «Отбасымыздағы ерекше дәстүр», «Атадан қалған асыл мұра» тақырыптарында пікір алмасу ұйымдастырылып, отбасы мүшелерінен естелік жинаудың, үлкендердің әңгімесін жазып алудың және тарихи құндылықтарды сақтаудың маңызы түсіндірілді.
«Отбасыммен бір күн» тақырыбында отбасылық іс-шара
Отбасы апталығы аясында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасымен бірге уақыт өткізудің маңыздылығын түсіндіру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Отбасыммен бір күн» тақырыбында отбасылық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында отбасы мүшелерінің күнделікті өмірдегі бір-біріне деген қолдауы мен қамқорлығы, бірге өткізген уақыттың бала тәрбиесіне әсері туралы пікір алмасу жүргізілді. Қатысушылар үшін отбасы мүшелерімен бірге уақытты тиімді әрі қызықты өткізудің түрлі жолдары ұсынылды.
Іс-шара аясында ата-аналар мен балалар бірлесіп шығармашылық тапсырмалар орындап, қызықты ойындарға қатысып, отбасылық естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Менің отбасымдағы ерекше күн», «Біз бірге не істегенді ұнатамыз?», «Отбасымыздың дәстүрі» тақырыптарында әңгімелер айтылып, жылы естеліктер ортаға салынды.
Қатысушылар отбасымен бірге өткізілген уақыттың міндетті түрде үлкен шығынды немесе арнайы жағдайды қажет етпейтінін атап өтті. Бірге серуендеу, кітап оқу, дастарқан басында әңгімелесу, ойын ойнау немесе ортақ іс атқару сияқты қарапайым сәттердің өзі отбасы мүшелерін жақындастырып, өзара сенім мен түсіністікті қалыптастыратыны айтылды.
«Әке мен бала: әкенің бала тәрбиесіне араласуы, қамқорлығы және қатысуы» тақырыбында тәрбиелік кездесу
Отбасы апталығы аясында әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту мақсатында «Әке мен бала: әкенің бала тәрбиесіне араласуы, қамқорлығы және қатысуы» тақырыбында тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қазіргі отбасындағы әкенің орны, оның бала өміріне белсенді араласуы және күнделікті тәрбиелік үдеріске қатысуының маңызы сөз болды. Әкенің баламен тек материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету арқылы ғана емес, оның қызығушылығына көңіл бөлу, пікірін тыңдау, бірге уақыт өткізу және қиындықтары кезінде қолдау көрсету арқылы да қамқорлық танытатыны атап өтілді.
Шара барысында әкелер мен балалар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, «Мен әкемнен нені үйрендім?», «Әкемнің маған айтқан ең маңызды кеңесі», «Біз бірге өткізетін уақыт» тақырыптарында әңгіме жүргізілді. Қатысушылар отбасы мүшелерінің бір-бірін тыңдауы мен түсінуі бала бойындағы сенімділік пен жауапкершіліктің қалыптасуына оң әсер ететінін атап өтті.
«Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» тақырыбында танымдық іс-шара
Отбасы апталығы аясында өскелең ұрпаққа отбасы тарихын таныстыру, ата-баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Шара барысында қатысушылар өз отбасыларының шежіресі, ата-бабаларының өмір жолы, отбасында қалыптасқан салт-дәстүрлер мен құндылықтар туралы әңгімелеп, отбасылық тарихтың маңызды сәттерімен бөлісті. Әр отбасының өзіндік тарихы мен тағдыры бар екені, сол тарихты сақтау – кейінгі ұрпақ алдындағы маңызды міндет екені атап өтілді.
Іс-шараға қатысушылар отбасы мұрағатында сақталған ескі фотосуреттер, хаттар, марапаттар, құжаттар, отбасылық жәдігерлер және естелік бұйымдар арқылы өз әулетінің өткеніне шолу жасады. Әсіресе ата-әжелердің, ата-аналардың өмір жолы мен өнегелі істері туралы естеліктерге ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында «Менің әулетімнің тарихы», «Отбасымыздағы ерекше дәстүр», «Атадан қалған асыл мұра» тақырыптарында пікір алмасу ұйымдастырылып, отбасы мүшелерінен естелік жинаудың, үлкендердің әңгімесін жазып алудың және тарихи құндылықтарды сақтаудың маңызы түсіндірілді.
«Ата-аналар да шаршайды» психологпен ата –аналардың эмоциялық күйзелісі, ашушаңдық, кінә сезімі және көмек сұрау мәселелері бойынша ашық кездесу
Отбасы апталығы аясында ата-аналардың эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу, күнделікті тұрмыстық және тәрбиелік міндеттерден туындайтын шаршау мен күйзелісті түсіну, сондай-ақ ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Ата-аналар да шаршайды» тақырыбында психологтың қатысуымен ашық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ата-аналардың күнделікті өмірде кездесетін эмоционалдық қиындықтары, шаршау, ашушаңдық, көңіл-күйдің өзгеруі және өзіне деген шамадан тыс талап қою мәселелері талқыланды. Психолог ата-ана болу үлкен жауапкершілікті талап ететінін, сондықтан кей жағдайда шаршау немесе эмоциялық тұрғыдан қажу қалыпты жағдай екенін түсіндірді.
Қатысушылармен «Ата-аналық шаршау дегеніміз не?», «Өз эмоциямды қалай түсінемін?», «Кінә сезімімен қалай жұмыс істеуге болады?», «Қай кезде көмек сұраған дұрыс?» тақырыптарында ашық пікір алмасу жүргізілді.
Психолог ата-аналарға өз эмоцияларын жоққа шығармай, оларды түсініп, уақытылы демалысқа көңіл бөлу, жақындарынан қолдау сұрау және өзіне күтім жасау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, баламен қарым-қатынаста ашуға берілмей, қажет жағдайда қысқа үзіліс жасап, сабырлы түрде сөйлесудің маңыздылығы түсіндірілді.
«Әке мен бала: әкенің бала әрбиесіне араласуы, қамқорлығы және қатысуы» тақырыбында тәрбиелік кездесу
Отбасы апталығы аясында әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту мақсатында «Әке мен бала: әкенің бала тәрбиесіне араласуы, қамқорлығы және қатысуы» тақырыбында тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қазіргі отбасындағы әкенің орны, оның бала өміріне белсенді араласуы және күнделікті тәрбиелік үдеріске қатысуының маңызы сөз болды. Әкенің баламен тек материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету арқылы ғана емес, оның қызығушылығына көңіл бөлу, пікірін тыңдау, бірге уақыт өткізу және қиындықтары кезінде қолдау көрсету арқылы да қамқорлық танытатыны атап өтілді.
Шара барысында әкелер мен балалар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, «Мен әкемнен нені үйрендім?», «Әкемнің маған айтқан ең маңызды кеңесі», «Біз бірге өткізетін уақыт» тақырыптарында әңгіме жүргізілді. Қатысушылар отбасы мүшелерінің бір-бірін тыңдауы мен түсінуі бала бойындағы сенімділік пен жауапкершіліктің қалыптасуына оң әсер ететінін атап өтті.
«Отбасым – алтын ұям» атты көрме
Отбасы апталығы аясында отбасы құндылықтарын дәріптеу, жанұядағы сүйіспеншілік пен өзара сыйластықты насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Отбасым – алтын ұям» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге отбасының күнделікті өмірін, отбасылық дәстүрлер мен ерекше сәттерді бейнелейтін фотосуреттер, балалардың шығармашылық жұмыстары, отбасылық жәдігерлер, қолөнер бұйымдары және естелік материалдар қойылды.
Көрме барысында қатысушылар өз отбасыларының тарихы мен қалыптасқан дәстүрлері туралы әңгімелеп, отбасы мүшелерімен бірге өткізген қуанышты сәттерін көпшілікке таныстырды. Әрбір ұсынылған жұмыс отбасының өзіндік ерекшелігін, жылуын және жанұя мүшелерінің арасындағы өзара қолдауды көрсетті.
Сонымен қатар, балалардың ата-аналарына деген сүйіспеншілігі мен отбасына деген жылы сезімі олардың шығармашылық жұмыстарынан көрініс тапты. Суреттер мен қолөнер бұйымдарында «Менің отбасым», «Бақытты отбасы», «Ата-анам – тірегім», «Отбасылық дәстүр» сияқты тақырыптар қамтылды.
«Бақытты отбасы» фотокөрме
Отбасы апталығы аясында отбасы құндылықтарын насихаттау, жанұя мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты арттыру, отбасылық өмірдің жарқын сәттерін көпшілікке таныстыру мақсатында «Бақытты отбасы» атты фото көрме ұйымдастырылды. Фото көрмеге отбасылардың күнделікті өмірінен алынған жарқын сәттерді, бірге өткізген уақытын, мерекелік шаралар мен отбасылық дәстүрлерін бейнелейтін фотосуреттер ұсынылды. Әрбір фотосуретте ата-ана мен бала арасындағы мейірімділік, өзара қолдау, қамқорлық және отбасылық жылулық көрініс тапты. Көрме барысында қатысушылар өз отбасыларының ерекше дәстүрлері мен есте қалған қуанышты сәттері туралы әңгімелеп, отбасы үшін бақыттың мәні неде екенін бөлісті. Бірге өткізілген уақыт, ортақ қуаныш, үлкендерге құрмет және балаларға қамқорлық – бақытты отбасының басты құндылықтары ретінде атап өтілді.
Сонымен қатар, көрме келушілерге отбасы мүшелерімен бірге уақыт өткізудің, ортақ естеліктер қалыптастырудың және отбасылық дәстүрлерді сақтаудың маңызын көрсетуге мүмкіндік берді.
«Отбасы құндылықтар» атты кездесу
Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының акт залында «Отбасы құндылықтар» атты кездесу 6-8 сынып арасында өткізілді. Кездесу барысында мектеп-психологі тренинг пен бастап, алғашқы сөзді гимназия директоры Хасенова Ғ.Т. сөз сөйледі.
Кездесуге қонақ болып Қамқорлық кеңесінің төрайымы — Жұманова Зайра Сайранқызы және де “Жанұя” отбасын қолдау орталығының әлеуметтік маманы — Айжан Асланқызы жалғастырып отбасы құндылықтары туралы ақпарат беріп, оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді.
«Ата-анаға хат» атты шығармашылық акция
Отбасы апталығы аясында балалардың ата-анасына деген сүйіспеншілігі мен ризашылығын білдіруіне мүмкіндік жасау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту мақсатында «Ата-анаға хат» атты шығармашылық акция ұйымдастырылды.
Шара барысынды балалар ата-аналарына арнап жүрекжарды хаттарын жазып, өз сезімдері мен алғыстарын қағаз бетіне түсірді. Хаттарда ата-ананың бала өміріндегі орны, отбасындағы қамқорлық пен мейірім, бірге өткізген қуанышты сәттер және ата-анаға деген жылы лебіздер көрініс тапты.
Балалар «Ата-анам – менің тірегім», «Мен отбасымды не үшін жақсы көремін?», «Ата-анама айтар алғысым» тақырыптарында ой бөлісіп, отбасының өздері үшін қаншалықты қымбат екенін жеткізді.
Сонымен қатар, «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, отбасыдағы өзара сыйластық, сенім, түсіністік пен қолдаудың маңызы талқыланды. Қатысушылар бақытты отбасының негізі материалдық жағдайдан бұрын, бір-біріне деген құрмет, жылы сөз, қамқорлық және бірге өткізген уақыт екенін атап өтті.
«Отбасы бізден басталады» атты Отбасы апталығының ашылуы
Отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы институтының маңызын арттыру және ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту мақсатында «Отбасы бізден басталады» атты Отбасы апталығының ашылу шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында отбасының адам өміріндегі орны, жанұядағы мейірім мен қамқорлықтың маңызы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі және отбасылық дәстүрлерді сақтаудың қажеттілігі туралы сөз қозғалды.
Апталықтың негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру, балаларға отбасын қадірлеу мен жақындарына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Ашылу барысында қатысушыларға апталық аясында өтетін іс-шаралардың бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, отбасылық кездесулер, танымдық және шығармашылық шаралар, фото және сурет көрмелері, ата-аналармен пікір алмасу, ұрпақтар сабақтастығына арналған кездесулер, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын акциялар өткізу жоспарланғаны айтылды.
«Отбасы сайысы»
Отбасы күніне орай мектебімізде Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубының Текелі қалалық филиалымен бірлесе қалалық «Отбасы сайысы» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – отбасы мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, бұқаралық спортқа деген қызығушылықты арттыру, ата-аналар мен балалардың бос уақытын тиімді әрі белсенді өткізуіне жағдай жасау, бірлікке, ұйымшылдыққа, достыққа және өзара қолдауға тәрбиелеу.
Іс-шараға отбасылық командалар қатысып, спорттық эстафеталардың әр кезеңінде өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, ұйымшылдығы мен командалық бірлігін көрсетті. Жарыс барысында ата-аналар мен балалар белсенділік танытып, өзара қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күйде бақ сынасты. Іс-шара соңында белсенділік танытқан отбасыларға алғыс айтылып, спорттық сайыс қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы әсер сыйлады.
«Әке мен Бала» – тәрбие бастауы
Отбасы – бала тәрбиесінің негізі. Ал әкенің бала өміріндегі орны ерекше. Әке – отбасының тірегі ғана емес, баласына бағыт-бағдар беретін, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, тәртіпке және адамгершілікке тәрбиелейтін тұлға. Осыған орай, әкелердің бала тәрбиесіне белсенді қатысуын насихаттау, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Әке мен бала» тақырыбында бейнематериал жүргізілді.
Іс-шара барысында әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, баламен ашық қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы, бірге уақыт өткізудің және баланың қызығушылығына көңіл бөлудің тиімді жолдары көрсетілді.
Бала үшін әкенің жылы сөзі, қолдауы, ақылы мен жеке үлгісі – өмірлік бағдар қалыптастыратын маңызды фактор. Сондықтан әкенің бала тәрбиесіне белсенді араласуы – берік отбасы мен саналы ұрпақ қалыптастырудың маңызды негіздерінің бірі.
Әке тәрбиесі – балаға өмірлік жол көрсететін өнеге!
Берік отбасы – белсенді әкеден басталады!





























