ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы Қазақ тілі күніне орай «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «LINGOQUIZ: Тіл – достық көпірі» атты QUIZ сайысына қатысты.
Іс-шара барысында әскери қызметшілер мемлекеттік және шет тілдерінен білімдерін сынап, тілдік дағдыларын жетілдірді. Сайыс командалық жұмыс пен танымдық белсенділікті арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті




























