Кездесу Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, оған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының II орын иегері – Манасбаевтар отбасы қатысты. Іс-шара барысында Манасбаевтар отбасы оқушылармен отбасылық құндылықтар, ұрпақтар сабақтастығы, отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластық пен түсіністік туралы пікір алмасты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, отбасы құндылықтары жөнінде ой бөлісті.