ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында «Күз-2026» мерзімді әскери қызметіне шақырылған жас сарбаздармен кездесу өтті.
Кездесуде шекара қызметінің ардагерлері, отставкадағы подполковник Талғат Дәулетханов пен отставкадағы аға прапорщик Пармен Сетвалдиев жас шақырылыммен сұхбаттасып, әскери қызметтің ерекшелігі, Отан алдындағы борыш пен шекарашыға қойылатын талаптар туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті




























