Астана қаласында Жетісу облысының мәдениеті, ұлттық мұрасы, қолөнері, ауыл шаруашылығы және заманауи креативті индустриясы тоғысқан ерекше жәрмеңке өтеді!
🌿 Жәрмеңке аясында сіздерді:
🔸 Жетісу өңірінің табиғи және географиялық ерекшеліктерін таныстыратын Welcome Zone;
🔸 Ұлттық қолөнер мен заманауи этнодизайн өнімдері ұсынылатын Қолөнер залы;
🔸 Жетісудың ауыл шаруашылығы өнімдері, голограммада тұлғалардың бейнелері, жергілікті өндірушілердің өнімдері таныстырылатын QAZYNA HALL;
🔸 Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарынан құралған Ұлттық аспаптар әлемі;
🔸 NOMAD ART HALL – театрландырылған қойылымдар, «JETSІU CREATIVE» бейнеролигі және NOMAD STYLE SHOW;
🔸 Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдары, ат әбзелдері, ағаш және сүйек бұйымдары ұсынылатын ETHNO VILLAGE;
🔸 Заманауи дизайнерлердің ұлттық нақыштағы авторлық топтамалары ұсынылатын Ұлттық киім галереясы күтеді.
📍 Астана қаласы, Жошы хан 16/2
📅 15–16 тамыз 2026 жыл
Жетісудың дәстүрі мен заманауи креативі, ұлттық мұрасы мен жаңа идеялары бір кеңістікте тоғысатын жәрмеңкеге шақырамыз!





























