23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – еліміздің саяси дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл күнде ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат өз таңдауын жасап, мемлекеттің жаңа даму бағытын айқындауға үлес қосады. Бұл тек конституциялық құқық қана емес, сонымен бірге қоғам мен мемлекеттің болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Құрылтай сайлауы жаңа саяси реформаларды іске асырудың маңызды тетігі ретінде қарастырылады. Ол бір палаталы парламент моделіне көшуге, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Бұл сайлау жаңа конституциялық модельдің іс жүзінде жүзеге асырылуының алғашқы маңызды қадамы ретінде бағаланып отыр. Сарапшылардың пікірінше, сайлау нәтижесі елдегі саяси институттардың тиімділігін арттыруға, қоғамдық сенімді нығайтуға және азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, сайлау үдерісі ашықтық, заң үстемдігі және әділ бәсекелестік қағидаттарына негізделген жағдайда демократиялық даму жолындағы маңызды белеске айналады.
Жұлдыз Біржанқызы, қала тұрғыны





























